Қарағанды облысы және Шэньси провинциясы іскер орталары арасындағы кездесу, ҚХР

2015 жылы 23 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қарағанды облысы мен ҚХР Шэньси провинциясының іскер топтары арасында кездесу өтеді.

Қытай делегациясының құрамында іс-шараға Шэньси провинциясы үкіметінің, Үкімет коммерциясы басқармасының және Сиань қаласы сыртқы экономикалық және сауда-саттық кәсіпорындары ассоциациясының өкілдері, сонымен бірге Шэньси провинциясының 15 ірі кәсіпорнының басшылары қатысады.

Өнеркәсіптік өңірлердің іскерлік кездесу бағдарламасының аясында Қарағанды облысы мен Шэньси провинциясындағы өндірушілердің инвестициялық жобалары мен өнімдерін таныстыру, Қарағанды және Қытай кәсіпкерлерінің арасында биржалық қатынастар форматында екі жақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

Іс-шараның басталуы — ҚарМТУ Конференц-залында сағат 10.00.

Қарағанды облысы Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Егінбаев Т.Б. мырза және Шэньси провинциясы делегациясының басшысы Чжай Бей Цин (ZhaiBeigin) мырза кездесу қатысушыларына құттықтау сөз сөйлейді. Қарағанды облысы бойынша инвестициялық мүмкіндіктер презентациясын «Қарағанды Инвест» АҚ Басқармасы төрағасының м.а. Құсайынов А.Н. ұсынады.

Кездесу барысында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы мен «XianSilkRoadelectroniccommerceCo., LTD» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге салтанатты түрде қол қою рәсімі жоспарланған.

Іс-шара аяқталғаннан кейін Қытайдан келген қонақтарға университеттің инновациялық ғылыми-техникалық кешені мен ҚарМТУ жанындағы Конфуций институты бойынша экскурсия ұйымдастырылған.