Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Бақылау кеңесі

Қазақстан Республикасы Үкіметі шешіміне сәйкес Қзақстанның мемлекеттік жоо-да Бақылау кеңестері енгізілген. Бұл республика жоғары білімінің жүйелі реформалары жолында кезекті және өте маңызды қадам. Әлемнің жетекші жоо-да алқалы корпоративтік басқару және университеттер қызметін қоғамдық қадағалау бақылау кеңестері арқылы жүзеге асырылады, олардың құрамына ірі бизнесмендер, атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері және билік өкілдері кіреді.  ОРлардың құзыреттілігіне жоо-ның стратегиясын анықтау, оның даму бағдарламаларын қоса, кадрлық және қаржылық мәселелерін шешу кіреді.

Қазақстанның жоо-да алқалы басқаруды кезеңмен енгізу жоспарланып отыр. Корпоративтік басқару жүйелері ашықтық және сыбайлас жемқорлықпен күресуге септігін тигізеді.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі бақылау кеңесі 2014 ж. 18 тамыз №353 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен құрылған. Оның құрамына Қазақстанның құрылым құрайтын кәспорындар басшылары, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді.

Без рубрики