Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «ÁzNaýryz» ұлттық дәстүрлер және спорттық ойындар байқауы өткізілді

Іс-шараның мақсаты – жастардың қазақстандық патриоттық сезімін жәнеазаматтық позицияға жауаптылығын, Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлеріне, мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру.

Байқауға барлық факультеттер,инновациалық технология колледжі және жатақхана студенттерінен құралған командалар қатысты.

2018 ж. 17 наурызында ҚарМТУ Спорт кешенінде аударыспақ, арқан тартысу, белдесу, кір тасын көтеру сияқтыұлттық спорт түрлері бойынша жарысөткізілді.

Байқаудың екінші кезеңі  20наурызда «Политехник» кафесінде өткізілді.

Бұл кезеңде әр команда Наурызды атап өтетін Қазақстан халықтарын таныстырды, олар: өзбектер, қырғыздар, татарлар, башқұрттар, ауғандар, ұйғырлар және т.б.

Студенттерге аталмыш ұлттың мәдениеті мен дәстүрлерін театрландырылған түрде айтып  және ұлттық ас мәзірінен тұратын дастархан жаю қажет болды.

Байқаудың қортындысы бойынша жүлделі орын алған командалар:

1 орын – Жол-көлік факультеті (азербайджандар) және «Армандастар Ордасы» жатақханасы (ауғандар);

2 орын – Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті (татарлар) және «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы (башқұрттар);

3 орын – Сәулет-құрылыс факультеті (тәжіктер)және№1жатақхана (өзбектер).

Барлық қатысқан командалар алғыс хаттармен марапатталды,ал жеңімпаздар – «Некафе» тайм-кафесі, «9 регион» таксиі, «Дельфин» аквапаркі және  «Sary Arka cinema» кинотеатры демеушілерінің жүлделі сыйлықтарына ие болды.

Без рубрики