ҚАРАҒАНДЫДА ОЛЖАС СУЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСУ


ҚАРАҒАНДЫДА ОЛЖАС СУЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 2012 жылдың 14 қыркүйегінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында қазақстандық танымал ақын, әдебиеттанушы, Қазақстанның халық жазушысы, «ХХ ғасыр адамы» атағының иегері, Халықаралық «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыс президенті, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Елшісі, тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің атынан, атап айтсақ, Жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Талғат Олжастың жетекшілігімен университетіміздің бетке ұстар студенттері, ХТОВ-09-1 топ студенті Жумабекова Алтынай, АиУ-09-3 топ студенті Сладкова Маргарита, ПО-09-3 топ студенті Нұрсейіт Мекенбай және т.б. студенттеріміз қатысып келді. Кездесу академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры профессор Е.Қ.Көбеевтің алғысөзімен ашылды. Жалпы, кездесу өте жақсы өтті. Жиында университет қонақтары, студенттері мен оқытушылары әлемдік және отандық әдебиет, заманауи әлемдегі әлемдік үрдістер эволюцияларының тенденциялары туралы сұрақтарын қойып, ой бөлісті, кең көлемде мағлұмат алды. Сонымен қатар, ақындық, жазушылық жолды таңдаған жастардың өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, өзіндік пікірлерін айтуға бек мүмкіндіктері болды. Кездесу соңында ақынға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

 

 

Без рубрики