«Болашақ энергиясы» инновациялар эко-автошеруі Қарағандыда


Автошеру 2017 жылдың 31 мамыры күні Бішкек қаласынан (Қырғыз Республикасы) бастау алған болатын. Шеру бағыты Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь және Армения мемлекеттерінің территорияларынан өтеді.Эко-автошерудің ұйымдастырушылары G-Global халықаралық хатшылығы және Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы болып табылады.
Салтанатты рәсімді ашу кезінде облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев:
«Мен осы экошерудің қатысушыларын ҚР Тұңғыш Президенті білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қарсы алып тұрғаныма қуаныштымын. Экологиялық тұрғыдан таза энергия көздерін дамыту, сол арқылы салауатты өмір салтын насихаттау біздің бүгінгі қоғамымыздың басты тәрбиелік идеясы болып табылады. Биыл біз елімізде ЭКСПО-2017 көрмесін ің ашылуына дайындық үстіндеміз. Бұл көрменің еліміздегі жасыл технологиялар мен инновациялар идеяларын дамытуға, сол арқылы мемлекетіміздің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға түрткі болар игі іс-шара екендігіне сенеміз. Аталмыш экошеру де осы мақсатты көздеп отыр. Олар бірнеше мемлекет аумағында отандық және әлемдік жасыл технология ғылымындағы жетістіктерді қалың көпшілікке танытпақ. Сондықтан қатысушыларға сәт-сапар тілеймін!- деді.
Эко-автошеру уақытында қатысушылар Қазақстан мен шетел халқын өнертапқыштармен және отандық өндірушілермен, яғни, Ж.Мұзбаевтың жел генераторымен, АЭТЗ мен ҚБТУ лабораториясының автокөлікке арналған сутегі генераторымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық жобалары, А.Петровтың пиролиздік пештері мен А.Сыздыкованың тиімділігі жоғары көмір қазандықтарымен, А.Б.Борисенконың ҚТҚ-ны кәдеге жарату кешені мен пларонды ауа тазартқышы, KUNTECH Д.Байсеитовтың күн коллекторы, Х.Байшагировтың жел-энергетикалық құрылғысы, STEEP ENERGY NT М.Жакыповтың жел турбинасы, А. Болотовтың күн панельдері орнатылған жел генераторы, А. Мехтиевтің (ҚарМТУ) бу электрлік жылытқышы, А. Цойдың гидродинамикалық қыздырғыш, радиациялық сәулеленуді қолдану арқылы суыту аппаратымен, А.Оспановтың энергия үнемдейтін эко өнімдерді әзірлейтін техникалық құрылғыларымен және т.б. таныстырады.
Кездесу кезінде студенттерге қырғызстандық өнертапқыш-дәрігер Сұлтанбек Махмудовтың мотовелосипед моделі өте ұнады. Жастар автордан өз туындысын қалай құрастырғандығы жайлы сұрап-біліп, көлікті жүргізіп, сынап көрді. Сондай-ақ олар экошеру қатысушылары ұсынған мұздатқыш құрылғылар мен отандық өнертапқыштар ойлап тапқан басқа да жобалар туралы барынша кең мәлімет алуға тырысты.
6 маусымда экошеру қатысушылары EXPO-Camp жастар жазғы лагерінің ашылуы болатын Арнасай ауылына барып, одан кейін Ресей, Армения, Беларуссия және Европа арқылы өтетін болады.

Без рубрики