«Аламан» республикалық фестивалі

2016 жылдың 26 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарлама студенттерінің қатысуымен «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты – белсенді, жан-жақты студенттерді анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін ұштау және 10 номинацияда ұсынылған ерекшеліктермен көзге түскен студенттерді марапаттау.

Аталған фестивальге Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Серпін жастары 2 номинация бойынша қатысып, өз күштерін сынады. Университеттің үмітін арқалап барған СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали Нұрдәулетұлы «Өнерлінің өрісі кең» номинациясында «Сағындым ана» атты төл туындысын орындап, барша жиналған жұрттың көңілінен шығып бас жүлдені қоржынына салды, сол сияқты НД-15-1 тобының студенті Нураев Сулеймен Идрисұлы «Serpin Start Up» номинациясында жаңа, тың идеяларымен «Балқаймақ» атты бизнес жобасын ұсынып,  екінші бас жүлдені иеленді.

 «Аламан» республикалық фестивалінің жеңімпазы Манап Ерғали Нұрдәулетұлы өзінің алған әсерлерімен бөлісті: «Біздің, яғни Серпіндіктердің тарихындағы елеулі күн — «Аламан» фестивалінің өткізілуі өз жемісін берді!!! Әрбір жеңімпаз Серпін өнерпаздары мен білгірлерінің бойына қуат-жігер толса, тілеуін тілеп, алшақта болса да қолдау көрсетіп отырған барша Серпіндіктердің қызығушылығы оянғанын жасыруға болмас. Әрине, ешбір істің кіршіксіз болуы мүмкін емес, кемшіліктер де жоқшылық емес. Алай да Серпіндіктердің бойындағы патриоттық сезім, қайраттылық, намыс оты бүкіл тарихи оқиғаны үлкен бір ұлы жалынға ұластырды!!!
Бұл тұста, осы іс-шараны ұйымдастырушы аға-апаларымызға айтар алғысымызды жаудырсақ, өнерімен қалың халыққа жүрегімен жақындай алған үкілі қыздарымыз бен ұландарымыздың еңбегін ескермеске болмас! Тәуелсіздігіміз қарсаңында өз белсенділіктерін танытқан Серпін жастары дәл осы қадамын оңды жасады деп сенемін!!!. Жеңісіміз баршамызға құт болсын, Серпіндіктер!!!

«Аламан» республикалық фестивалінде

Марапаттау