Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел


2018 жылдың 28 ақпаны күні ҚарМТУ конференц-залында «Алғысым шексіз, саған туған ел!» атты дөңгелек үстел өтті.

Оған:

—  Султыгов Магомед Абукарович, «Вайнах» шешен-ингуш этноұйымының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

— Вера Юрьевна Матайс,  «Lituanica» литва  этноұйымының  мүшесі;

— Думан Базаркеевич Малаев, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ғылыми-эксперттік және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

— Джамбул Азмуханович Джумабеков, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының меңгерушісі;

— Надежда Филиповна Ломан, ҚХА эксперттік тобының мүшесі;

— Суфия Замировна Сатретдинова, Қарағанды облысы ««Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталығының ассоциациясы» қоғамдық ұйымының төрайымы, облыстық ҚА ұйымының мүшесі;

— Иосиф Вульфович Брейдо, «Хэссэд-Мириам» қоғамдық кеңес орталығының төрағасы, т.ғ.д.,, профессор, ҚарМТУ ӨПА кафедрасының меңгерушісі;

— ҚарМТ, ҚММУ,  «Болашақ» академиясы, ҚЭУК (60 адам), Бақөкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторы  — Қарағанды облысы Ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары Касембаева Гульнара Калиевна болды.

Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтті.  Өз ойын білдіргісі келген әрбір қатысушыға бос микрофон ұсынылды.

Қатысушылардың бәрі бір ауыздан  көпұлтты еліміздің бір шаңырағының астына жиналған ұлт пен ұлыстың осында қоныс аударуының түпкі себебінде жер аудару саясаты жатқанын атап өтті. Тек 20 ғасырдың басында елімізге 1,1 млн адам Ресейден, Украинадан, Белорусиядан келген, ал 1930 жылдары коллективтендіру саясатының желеуімен 250 мың тәркілеуге ұшыраған шаруалар қоныс аударған. Тағы  1,2 млн адам бұрынғы Кеңес Одағының түрлі аумақтарынан өндіріс және  құрылыс орындарын тұрғызу үшін жіберілген. Зобалаң көрген осы адамдардың елімізді жерсініп, сіңісуіне жергілікті тұрғындар – қазақтардың рөлі зор болған. Сондықтан Алғыс айту күні деп аталатын осы мерекенің  аталып өтуі  бұл Қазақстан жерін мекендеген  халықтардың біздің ұлтымызға деген алғысы болып табылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары  өздерінің бастан кешкендерін, репрессиялық жазалау кезінде көрген  қиындықтарын көздеріне жас ала отырып, әңгімелеп, қазақ халқына алғыстарын білдірді.

Студенттер осы күнге орай жазған авторлық өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал АиУ-16-3 тобының студенті Данил Силищев қазақ тілінде өз өнерін көрсетті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мұндай кездесулердің  жастар тәрбиесіндегі маңызы зор екендігіне тоқталып, халықтар арасындағы достықты нығайтып, өзара түсіністік үшін өте қажет екенін баса айтты.

 

 

Без рубрики