«Латынша караоке флешмоб» акциясы


Қараша айының 28-і күні  ҚР бірінші Президенті күніне, «Рухани жаңғыру» және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мақсатында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Қазақ тілі мен мәдениеті»  кафедрасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы «Ресурстық тіл орталығымен» бірлесе отырып «Латынша караоке флешмоб» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты – тіл мәдениетін жетілдіру, мемлекеттік бағдарламада көзделген міндеттерді жүзеге асыру,  сондай-ақ латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін насихаттау. Университетіміздің студенттері бойына патриоттық жігер беретін  Қазақстан Республикасының Әнұранын, «Менің Қазақстаным», «Атамекен», «Мен қазақпын» әндерін латын қаріпінде жазылған караоке негізінде шырқап шықты.

Без рубрики