«Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру» конференция- кездесуі

2015 ж. 13 ақпан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру» конференция- кездесуіс және «Жас Орда» ҚарМТУ сденттері кәсіподағының білім беру бойынша комитеті студенттік клубтарының презентациясы өтті.

Конференцияға Жаутикова Салтанат Ахатовнамен – Болон процесін дамыту басқармасының жетекшісі; Касенова Салтанат Кайратовна – Халықаралық байланыс бөлімінің әдіскерімен; Дионис Марцинкевичус– халықаралық жүк тасмалдауды ұйымдастыру бағдарламасының магистранты, кеңес мүшесі және Сенаттың студенттер ісі бойынша комиссиясының жетекшісі (Литва, Вильнюс); Максимова Алина — «Let’s study» студенттік клубының жетекшісі; Касымова Әсел — «Wanna Say» студенттік клубының жетекшісі; Мейрамбекова Әсел — «Жаңадан бастаушыларға арналған қазақ тілі» клубының жетекшісі қатысты.
Конференция барысында келесі мәселелер талқыланды: академиялық ұтқырлықтың мақсаттары мен бағыттары; Қазақстан Республикасының мақсаты еуропалық білім беруге қол жетілімділікті арттыру, білім берудің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушылар ұтқырлығын арттыру болып табылатын Болон процесіне қатысуы; ҚарМТУ-да сәтті жүзеге асырылған Болон декларациясының негізгі қағидалары.
Мұнда ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық туралы айтылды, шетелдік 20 университетпен жасалған келісімшарттар мен меморандумдардың нәтижелері, 2014 – 2015 о.ж. күзгі семестірінде ҚарМТУ-дың 11 студентінің шет елдерде білім алуларының нәтижелері қорытындыланды.

Академиялық ұтқырлық тәжірибесімен конференция қонағы Дионис Марцинкевичус бөлісті — Гедиминас атындағы Вильнюсс техникалық университетінің (ВГТУ) магистранты. ВГТУ Литваның жоғарғы оқу орындарының арасында академиялық ұтқырлық бойынша 1-ші орын алады және Болон процесіне қатысады. Дионис Литва, өзінің университеті туралы қызықты әнгімелеп берді. Оған алғыс айтып, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз.
ҚарМТУ студенттер клубтарының өкілдері студенттерді білім деңгейін арттыруға қатысуға шақырды.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары студенттерге ҚарМТУ-дың шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастығы туралы, сонымен қатар студенттік клубтардың өткізетін қазақ және ағылшын тілдерін жетілдіруге арналған курстары туралы ақпарат беру мақсатында презентация, видео-ролигтер түрінде ұсынылды.
Конференция тәжірибемен бөлісу, студенттер үшін маңызды мәселерді талқылаған жылы тату жағдайда өтті. Қатысушылар болашақта осындай кездесулерді бұдан да кең тақырыптарда өткізуге тілек білдірді.
Автор: Коуштаин Кристина СТ-12-1П

Без рубрики