Қайырымдылық акциясы


2018 жылдың 5 маусымы күні ҚарМТУ жанындағы Конфуций институты ҚарМТУ-дың «Ақниет» студент жастар ұйымымен біріге отырып, 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай «Таңшолпан» балалар үйіне қайырымдылық акциясымен барып қайтты. Футболдан әлем чемпионаты қарсаңында институт директорлары Т.С. Филиппова және Мао Юньюнь балалар үйінің тәрбиеленушілеріне футбол формасын, доптар және футбол символдары бар ыдыстар сыйлады. Ал «Ақниет» студент жастар ұйымының мүшелері  балалар үшін футбол тақырыбына викторина  ұйымдастырып, футбол ойынын ойнады

Без рубрики