Қайтарымсыз негізде шетелдік мәліметтер базасына жазылу

Springer — әр түрлі форматтардағы ғылыми мазмұндағы әлемдік зор басылымдардың бірі. Басылымның электрондық өнімдері журналдардан (2000-нан астам), кітаптардан (170 000-нан астам), рефераттық- библиографиялық және фактографиялық мәліметтер базасынан тұрады. Басылымның барлық журналдары рецензияланған және жоғары ғылыми беделге ие. Компанияның көптеген журналдары JournalCitationReports-та ұсынылған, 2013 жылы 56 журнал өзінің импакт- факторын аттырды, журналдардың 87%-ы дәйексөздеу көрсеткішін арттырды, бұл аталмыш ақпараттық ресурстардың сапасы мен халықаралық беделінің көрсеткіші болып табылады.

Артықшылықтары:

Тек 2013 жылы 120 миллионнан астам қолданушылар SpringerLink-ке 229 миллион рет кіріп және 419 миллион құжат жүктеген.

Springer басылымының барлық кітаптары, журналдары рецензияланады және қатаң әрі объективті сараптамалық баға алады.

Springer- дің 2694 журналының 1599-ның импакт-факторы бар, 2200 журнал   Scopus-пен индекстеледі.

Springer-дің ешбір журналы «ұрланған» журналдар тізіміне қосылмаған.

Қосымша ақпарат:

http://link.springer.com/

Бейне сабақтар (орыс тілінде)

Қысқаша нұсқаулық

www.springerlink.com –ды қолдану бойынша нұсқаулық  (pptx)

www.springerlink.com –ды қолдану бойынша нұсқаулық (pdf)

Thomson Reuters әлемдік ақпараттық рыногтың көшбасшысы болып табылады. Салалық білімдер, ақпараттық технологиялар аталмыш халықаралық ақпараттық агенттік ресурстарымен бірлестікте ғылым мен техника, білім, денсаулық сақтау, өнер және мәдениеттің әр түрлі салаларында ғалымдар үшін ақпарат беруге мүмкіндік береді.

 

Ресурс құрамы: әлем бойынша басылатын 12 мыңнан астам рецензияланатын рейтингті журналдар, 23 000 000 патент туралы ақпарат, ғылыми конференциялардың 110 000 материалдары, әлембойынша 1975 жылдан бастап архивтегі  жоғарғы импакт-факторлы ғылыми- зерттеушілік журналдар және басылымдарды іздеу мүмкіндігі, әлем бойынша, сонымен қатар Қазақстанның авторларыныңң дәйексөзделуін бір мезетте талдауын қамтамасыз ететін Web of Science-та Citation Report қызметін қолдану мүмкіндігі.

Қосымша ақпарат:

www.webofknowledge.com

http://wokinfo.com/russian/

WEB OF SCIENCE CORE COLLECTION бойынша қысқаша нұсқаулық

ENDNOTE ONLINE бойынша қысқаша нұсқаулық

JOURNAL CITATION REPORT бойынша қысқаша нұсқаулық

Пайдалы ақпарат (Бейне материал)