«Қайнар» жастар сыйлығының «Жас ғалым» номинациясы бойынша байқауы

Қарағанды облысының әкімдігі «Қайнар» жастар сыйлығының «Жас ғалым» номинациясы бойынша байқау жариялайды.  Оған қазіргі заманғы өзекті мәселелерді зерттеп, оларды шешуде инновациялық әдістерді  іздеу үстінде жүрген, конференция, форумдар, семинарларға және т.б. үнемі қатысатын, ғылыми басылымдарда мақалалары жарық көрген  жас мамандар қатыса алады.

Сұранымды ұсыну мерзімі:  25.11.2016 г. сағ. 18.00 дейін.

Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінен алыңыз

 (Бас. корпус, 226 каб., тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)

Қайнар сыйлығының Ережесі