Аймақтың құрылыс кешенін дамыту бойынша кеңес

9 тамыз күні ҚарМТУ-да облыс әкімі Бауыржан Әбдішев аймақтың құрылыс кешенін дамыту бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және басқа село аймақтары өз өнімдерін ұсынған көрме орайластырылды. Кеңесті бастар алдында облыс әкімі құрылыс кешені елеулі макроэкономикалық әсерге ие болғанын және экономикадағы құрылымдық өзгерістерге ықпал жасайтынан атап кетті. Бұл жерде 40 мың адам жұмыс істейді. Құрылыста 800-ден астам кәсіпорын қызметін атқарып, ақырғы бес жылдағы жасалған құрылыс жұмыстардың көлемі 2 есе көбейді. Кеңесте құрылыс кешен дамуының әр түрлі аспектілері қарастырылған.

Құрылыс материалдарының өндірісін дамыту бойынша сұрақтарға байланысты кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының басшысы Ғалым Әшімовке сөз берілді.

Құрылыс саласындағы және құрылыс материалдарын қолданудағы қазақстандық бөлімінің  өсу туралы жағдайды құрылыс басқармасмының басшысы Самат Мұрзатаев хабарлады.

Осы сұрақ бойынша «Қол жетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасын қолдауға құрылған «Қазақстандық тұрғын-құрылыс корпорациясы» басқармасының төраға орынбасары Руслан Хусаинов сөз сөйледі.

Сонымен қатар кеңесте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрат Джиембаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департамент басшысының қызметін атқарушы Любовь Золотарь, техникалық реттеу және метрология Комитет департаментінің басшысы Жолдасбек Онгарбаев және білім басқармасының жетекшісі Есенгазы Иманғалиев сөз сөйледі.

Қорытындысында  құрылыс кешеннің ең үздік жұмыскерлеріне наградалар – «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрметті кеуде белгілері, құрмет мадақтамасы және құрылыс пен тұрғын-үй-жай шаруашылығының Комитеті, Қазақстан Республикасының аймақтық даму Министрлігінің алғыс хаттары және облыс әкімінің мадақтау қағаздары мен алғыс хаттары берілді.

Без рубрики