«АБАЙ-ВЕРН» ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өтініш білдірудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 15 маусымы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы  «Абай-Верн» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі келісім аясында Франция үкіметі Қазақстан азаматтарына «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасына қатысуды ұсынып отыр.

Осы бағдарлама шеңберінде 100 грант бөлінеді, оның 90 гранты екінші жылда оқитын магистранттар үшін және 10 гранты докторанттар үшін. Үміткер Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушы болуы тиіс. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2018 жылдың 15 маусымына дейін. Үміткердің PDF (макс. 10 Мб) форматтағы құжатын электронды нұсқада келесі поштаға жіберу қажет: abai.verne@gmail.com

Құжаттарды тапсыру рәсімімен келесі сайтта таныса аласыз: https://www.bolashak.gov.kz/ru/novosti/1339-prodlen-srok-priema-dokumentov-dlya-uchastiya-v-programme-mobilnosti-abaj-vern.html

www.culturefrance.kz

Сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласыңыз, 241 каб, бас корпус.

Без рубрики