Ағылшын тілін тілді тасымалдаушымен терең меңгеру


TarynҚарМТУ-дың ОжәнеШТ кафедрасы мен Орталық Азиядағы ағылшын тілі бағдарламалары бойынша аймақтық директоры Джон Скакко арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде George Town University-ден шетелдік ғалымдарды жұмылдыру бойынша қызметтестік туралы келісім жасалды.

2016- 2017 оқу жылында орыс  және шетел тілдері кафедрасында Delgado Community College –дың оқытушысы, ТEOSL/ТEFL, Colorado State University магистрі, Луизиана штатының Жаңа Орлеанынан келген Taryn U`Halie жұмыс жасайды.

Taryn U`Halie осы оқу жылында магистранттар мен 1,2 курс студенттері шін ағылшын тілін терең меңгеру бойынша сабақ береді.

Тілді тасымалдаушымен өтетін сабақтар білім алушылардың құзіреттіліктерін жаңа білімдер және білім беру үдерісіндегі еуропалық әдіс тұрғысынан білім беру әдісі арқылы дамытуға мүмкіндік береді.

Шетелдік ғалымдарды шақыру университеттегі білім беруді ұлтаралықтандыруға бағытталған, Болон процессінің қағидаларын белсенді түрде енгізуді ынталандырады, университеттің бәсекеге қабілеттілігін аттырады, университеттің қоғамдағы тартымды бейнесін қалыптастырады, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың ағылшын тіліндегі академиялық коммуникативтік қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Ғалымдар университеттің профессорлық- оқытушылық құрамының кәсіби дамуы мақсатымен, сонымен қатар әр түрлі академиялық және ғылыми сұрақтар бойынша кеңес беру үшін жұмылдырылады.

 

Без рубрики