АҚШ-та жазғы машықтанудан өтуге шәкіртақы


Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым- білім қоры техникалық және жаратылыстану мамандықтарының, Қазақстандық ЖОО-да білім алып жатқан және ҚР азаматы болып табылатын, 2,3 курс студенттеріне арналған АҚШ зертханаларында ғылыми машықтанудан өту үшін 10 шәкіртақы беруге жарыс жариялайды.
Ол үшін 15.01.2015 ж. дейін қажет:
Бағдарламаға қатысу өтінішін толтыру (өтініш);
Бізге келесі құжаттарды жіберу:
— Жеке куәлік көшірмесі;
— Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессиялар);
— Орта білім туралы аттестаттың, қосымшасының көшірмесі;
— Дипломдар, сертификаттар, ғылыми жұмыс жарыстарының көшірмесі;
— «Маған PhD дәрежесі… үшін қажет» тақырыбында эссе жазу;
—Проректор, немесе ЖОО ректорының ұсыныс хаты.

Ереже және бағдарлама

Өтініш

Ақпараттық хат

Толық ақпарат Ғылым департаментінде
(бас ғимарат, 226 б., тел. 56-68-22, ішкі 2226)

Без рубрики