«9 регион» КВН командасының Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесіне арналған «Студенттік көктем» әзіл-сықақ фестиваліне қатысуы

Студенттік жастар өз мүмкіндітерін нығайту мен студенттік шығармашылық ұжым шығармашылық әлеуетін іске асыру мақсатында 2017 жылы 28 сәуірде Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы «Жас Отан»  жастар қанатымен бірігіп, қала әкімшілігінің қолдауымен қаладағы бірінші Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесіне арналған «Студенттік көктем» әзіл-сықақ фестивалін ұйымдастырды.

Фестивальге жоғарғы оқу орындары командалары қатысты.

Төрешілер құрамына әзіл жанрының белгілі білгіштері Утепбергенов А.М., Мустафин А., Молдабаев А.Е., Альбазаров А.К., Абишев Ж.С., сондай-ақ, ҚММ «Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» директоры  — Б.П. Бекмурзаев кірді.

Төрешілер келесі наминациялар бойынша жүлдегерлерді анықтады:

«Ең стильді команда» номинациясы бойынша — Е.А. Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Манхэтэн» командасы;

«Ең  үздік музыкалық команда» номинациясы бойынша  — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Девятый регион» командасы;

«Ең үздік ұлтшыл команда» номинациясы бойынша  — Қарағанды экономикалық университетінің«Сборная КЭУК» командасы;

«ЭКСПО  жайында ең үздік әзіл» — номинациясы бойынша  Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің «Клиника смеха» командасы;

«Ең үздік ойынша» номинациясы бойынша — «Болашақ» Академиясынан Жасуланов Думан «Болашақ VIP» командасы;

«Ең үздік фестиваль командасы» — «Болашақ» Академиясынан «Болашақ VIP» командасы.

Іс-шара қорытындысы бойынша командалар дипломдар және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Без рубрики