«8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік іс-шара


7 наурыз  «Жастар Әлемі» жастар сарайында  «8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері оқытушыларды құттықтап, ұмытылмас мереке өткізді. Студенттер өлең оқыды, ән айтып, флешмоб биледі, сондай-ақ арнайы дайындалған құттықтау видеоролигі көрсетілді. Мерекелік концертке «Айишах» би ансамблі арнайы шақыртумен келіп қатысты.

Колледж директоры Н.А.Смағұлова колледжіміздің әйелдер қауымын арнайы мараппаттау қағаздарымен құттықтап,  жоғары кәсібилігі үшін және еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мерекенің соңында әрбір оқытушыға номинациялар беріліп, гүл сыйланды.

Барша нәзік жандыларды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Без рубрики