bolashak_2025 ЖЕЛТОҚСАН, 2013. АСТАНА. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ МАРАТ ТӘЖИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АЛДЫН-АЛА КОНКУРСТЫҚ ТАҢДАУДАН ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен магистр деңгейін алу үшін екі қосымша санаттар енгізілді (БАҚ редакцияларының қызметкерлері, мәдениет және шығармашылық қызметкерлер). Сондай-ақ, докторантураға түсу үшін 12 айдан аспайтын мерзіммен тілдік дайындаудан өту мүмкіндігі қарастырылған.

«Болашақ» стипендиясы аясында тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметкерлерді даярлау бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілу үстінде. Заң жобасын 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметовтің айтуы бойынша, «1993 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен тағайындалған «Болашақ» бағдарламасы қазіргі таңда тең жартысы ғылым магистрлері, бірден үш бөлігі – бакалавр, 9% – тағылымдамадан өтушілер, қалғандары – докторанттар, аспиранттар мен мамандар болып табылатын жоғары білімді отандық басқарушылар мен озық білімді мамандар қатарын қалыптастырды».

Жалпы алғанда, 2013 жылы 1113 адам стипендия иегері атанды. Оның 514 – магистратура бағдарламасы бойынша, 15 – докторантура бағдарламасы, 1 адам – аспирантура және 583 адам – тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша. 2013 жылы келесі мамандықтар неғұрлым танымал болды: «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (білім облысы мен деңгейі бойынша)» – 123 адам, «Экономика.Қаржы.Бухгалтерлік іс және аудит»; «Бағалау» – 87 адам, «Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару» – 84 адам, «Информатика. Ақпараттық технологиялар мен жүйелер. Ақпарат қауіпсіздігі. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» – 64 адам; «Мемлекеттік саясат; Саясаттану; Мемлекеттік басқару» – 63 адам; «Құқық. Халықаралық құқық. Бәсекелестік құқығы» – 49 адам.

Отырыста 2014 жылы комиссия басшылыққа алатын басым мамандықтар тізімі бекітіліп, алдағы жылы берілетін стипендиялар саны – 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізімі академиялық оқу үшін 99 мамандықты, оның ішінде медициналық – 35, техникалық – 35, гуманитарлық – 29 мамандықты қамтиды. Сондай-ақ, тізімге ғылыми-педагог, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуі үшін 178 мамандық енді.

Без рубрики