Жексенбілік кеңестер


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 2016 жылдың 3 қазанынан бастап түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуге жақсы дайындалуға мүмкіндік беретін тегін жексенбілік кеңестер жүргізеді.

Университет оқытушылары Сіздерді толғандырған барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.  Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде мына пәндер бойынша өткізіледі: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, химия, биология. Сабақ өтетін күндерде Сіздер ЖОО-нда оқытылататын мамандықтар туралы толыққанды мәлімет алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Өйткені барлық жексенбілік кеңестерде білім ордамыздың барлық факультеттерінен өкілдер болады.

Біз Сіздерді күтеміз!

privetstvie3

Жексенбілік кеңестердің сабақ кестесі

Снимок

privetstvie24

 

Дәрістерге қатысу: жексенбілік кеңестерге қатысу үшін 1-корпустың, №112 кабинетінде тіркелу рәсімінен өту керек.  (ЖОО дейінгі даярлық секторы). Сабақтарға қатысу еркін әрі тегін.

Басталу уақыты: 09:00

Өткізілу мекен-жайы: Бейбітшілік бульвары 56, КарМТУ, 1-корпус.

Қосымша мәлімет үшін: Бейбітшілік бульвары 56, КарМТУ, 1-корпус, №112 каб. (ЖОО дейінгі даярлық секторы), тел. 567- 838.

 

Жексенбілік кеңестерге қатысу үшін он-лайн тіркелу

Без рубрики