Қарағанды облысы және қалаларының мектептері және колледждерінің түлектерін даярлық курстарына шақырамыз. Дәрістерді ЖОО-ның ең үздік оқытушылары жүргізеді!


Снимок

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 2016 жылдың 3 қазанынан бастап түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуге жақсы дайындалуға мүмкіндік беретін тегін жексенбілік кеңестер жүргізеді.

Университет оқытушылары Сіздерді толғандырған барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.  Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде мына пәндер бойынша өткізіледі: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, химия, биология. Сабақ өтетін күндерде Сіздер ЖОО-нда оқытылататын мамандықтар туралы толыққанды мәлімет алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Өйткені барлық жексенбілік кеңестерде білім ордамыздың барлық факультеттерінен өкілдер болады.

11-сынып оқушылары және колледж түлектеріне келісімшарт негізінде ҰБТ және КТА-да тапсырылатын пәндер бойынша даярлық курстары ұйымдастырылады. Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде мына пәндер бойынша өткізіледі: Математика, Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Орыс тілі, Физика.  Даярлық бөлімінің студенттері ҰБТ және КТА пәндері бойынша сынақ тестілеуден өтеді.

Оқу мерзімі:

 3.10.16 31.05.17 дейін (ҰБТ)

немесе

3.01.17 31.05.17 дейін (ҰБТ)

3.10.17 30.06.17 дейін (КТА)

немесе

4.01.17  30.06.17 дейін (КТА)

ҚарМТУ-дың даярлық курстарының түлектері ҰБТ және КТА-ны әрдайым сәтті тапсырады!

 ҰБТ-ға даярлық тестілері

Физика

Дәрістерге қатысу: дайындық курстарына қатысу үшін 1-корпустың, №112 кабинетінде тіркелу рәсімінен өту керек.  (ЖОО дейінгі даярлық секторы). Сабақтарға қатысу еркін әрі тегін.

Басталу уақыты: 09:00

Өткізілу мекен-жайы: Бейбітшілік бульвары 56, КарМТУ, 1-корпус.

Қосымша мәлімет үшін: Бейбітшілік бульвары 56, КарМТУ, 1-корпус, №112 каб. (ЖОО дейінгі даярлық секторы), тел. 567- 838.

Біз Сіздерді күтеміз!

 

Дайындық курстарына  қатысу үшін он-лайн тіркелу

Без рубрики