31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2019 ж. 16 мамырында «Серпіндестер ордасы» жатақханасының  акт залында «Серпін» оқу орталығының студенттері мен патриоттық тәрбие беру ҒЗИ бірлесіп 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұмытылмас тағдырлар» атты кеш өтті.

Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар тоталитарлық жүйенің құрсауына тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін кінасыз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз, студент жастарды өткен тарихты саралай отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Кешке «Серпін» оқу орталығының студенттері, оқытушылар, патриоттық тәрбие беру ҒЗИ мамандары, «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы қатысты.

Кешке қатысушылар бір минут үнсіздікпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Студенттерге «Алаш зиялылары» атты бейнефильм көрсетілді. Кеште қазақ халқының қиын кезеңдерде басынан өткерген ашаршылық, қуғын-сүргін т.б. ауыр жағдайларына ерекше назар аударылып, олардың себеп — салдарын әңгімеленді. Тұтқындалып атылған қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов,  М.Тынышбаев, М.Жұмабаевтар т.б. туралы әңгімелеп, тек көп жылдар өткеннен кейін ғана олардың есімдерінің ақталғандығы жөнінен ақпараттар берілді. Сол кезде ІІХК-ның (НКВД) ерекше жарлығымен олардың отбасы мүшелерінің де қуғын-сүргінге ұшырағаны әңгімеленді.

Шараның жалғасында қатысушыларға «Карлаг» атты слайд ұсынылып, лагерь тұтқындарының естеліктерінен үзінділер, қуғын-сүргін құрбандарына арналып, өлеңдер оқылды.

«Қорлық және азаптың құрсауында болып, сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдарды бүгінгі және келер ұрпақ білуі және жадында сақтап, ұмытпауға тиіс», — деп атап өтілді.

Без рубрики