«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

31 қаңтар 2017 жылы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті.

Кіріспе сөзімен тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева студент жастарға Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауының дәстүрге айналғанын айтты. Әр жылдың басында біз алдағы жылға беретін Елбасының нақты міндеттерін ертеңгі күнге сеніммен күтеміз. Президенттің жолдауы – бағдарламалық құжат, онда Елбасы стратегиялық бағдарларды білдіреді. Мемлекет алдында тұрған өзекті міндеттерге байланысты әр кезде жаңа екпін жасалады. Әрине, біздің көшбасшымыз таңдаған бұл жол –  дұрыс және мақсатты жол. Біз мұны айқын көреміз және түсінеміз.

Кездесуде Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры – Б.П. Бекмурзаев, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы – Жүнісов Саттыбай, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары – А.С. Садықова, Қарағанды қ. жастар ресурстық орталығының маманы – А.Фрибус, салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨС орталығының үйлестірушісі – Д.К. Бижұманова сөз сөйледі.

Кездесу барлық студенттердің белсене қатысуымен, диалог түрінде өтті. Көптеген студенттерді толғандыратын сұрақтарға қатысты жауаптар алынды.

Без рубрики