3 курс студенті Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми- білім беру қорының шәкіртақылық жарысының иегері атанды

ҚарМТУ-дың Энергетика,автоматика және телебайланыс факультетінің 3 курс студенті, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқа Төлеген Салтанат Жанботақызы  Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми- білім беру қорының шәкіртақылық жарысының иегері атанды. Жарысқа Қазақстанның 18 университетінен 72 студент қатысты. Шәкіртақы беру мерзімі: 12 ай (2016 ж. сәуір- 2017 ж. наурыз). Ай сайынғы шәкіртақы мөлшері – 25 000 теңге. Бұл шәкіртақының тағайындалуы студентті мемлекеттік, сонымен қатар  жоғарылатылған шәкітақы алу құқығынан айымайды.

Студенттерді үш кезең нәтижесі бойынша сараптамалық кеңес жүргізді. Сараптамалық кеңес шешімін Қордың Қамқорлық кеңесі қарастырды және бекітті.

Толеген Салтанат, оқу озаты, Президенттік шәкітақы иегері, «Ақниет» ҚҰ волонтері, Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Жарыстың үш кезеңінен сүрінбей өтіп, аталмыш бағдарламаның 5 жеңімпазының бірі атанды.

Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми- білім қоры- қазақстандық ғылымды, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды жаңашыл өндіріс пен жоғарғы білім беру жүйесіне енгізу мақсатымен 2013 жылы қайырымдылықтың ең үздік дәстүрлерімен құрылды.

Қор студенттеріміздің  ғылыми және білім беру бағдарламаларына ары қарай да белсенді түрде ат салысатындарына сенім білдіреді.

Без рубрики