29 қыркүйек күні Инновациялық технологиялар колледжіне «Студенттер қатарына қабылдау» «Жастар әлемі» сарайында өтті.


Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Жас орда» кәсіпшілер одағы ұйымы.

Іс-шараға ҚарМТУ ректоры Ғазалиев А.М., бірінші проректор Исагулов А.З., оқу-әдістемелік жұмысының проректоры Егоров В.В., тәрбие жұмысының проректоры Алпысбаева Н.А., Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тоғайбаев К.Б., кафедра жетекшілері мен студенттердің ата-аналары шақырылды.

Тәрбие жұмысының проректоры Алпысбаева Назым Аманғазықызы, Инновациялық технологиялар колледжінің міндетін атқарушысы Смагулова Нұрбибі Абсадыққызы қонақтар мен студенттерді құрметтеп, сөз сөйледі.

1 курс студенті Қаниева Арайлымның анасы, Оразова Рымжан Сәкенқызы ата-аналардың атынан сөз сөйледі.

Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері студенттер қатарына қабылдау рәсімінен өтіп, студенттік билеттерін және сынақ кітапшаларын алды.

Іс-шара Қарағанды техникалық мемлекеттік университеттің студенттері дайыдаған концертімен аяқталды.

Без рубрики