«ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ — ҰЛТ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ (САҒЫНОВ ОҚУЛАРЫ №12) ПРЕСС-РЕЛИЗІ

 

    2020 жылғы 18-19 маусымда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 (бас корпус) мекен-жайы бойынша «Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы – Ұлт жоспарын іске асырудың негізі» (Сағынов оқулары №12) халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияны онлайн-форматта пленарлық (ашу және жабу кезінде) және 14 секциялық отырыстар өткізу бойынша жоспарланып отыр:

  1. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың стратегиялық бағыттары»
  2. «XXI ғасыр білімі»
  3. «Энергетика және энергия үнемдеу»
  4. «Автоматтандыру. Робототехника»
  5. «Телекоммуникация және өлшеу техникасы»
  6. «IT-және SMART-технологиялар»
  7. «Геотехнологиялардың өзекті мәселелері»
  8. «Геология және жер қойнауын игеру»
  9. «Металлургиядағы инновациялар»
  10. «Жаңа материалдар»
  11. «Машина жасауды дамыту перспективалары»
  12. «Сәулет және құрылыс»
  13. «Көлік және логистика»
  14. «Химия. Биотехнологиялар».

Пленарлық отырыста 9 баяндама тыңдалады: «Қазақстан Республикасы — тәуелсіздікпен сынау», баяндамашы — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Т.С. Сүлейменов; «Қазіргі кезеңдегі «Синергия» бірлескен желілік ғылыми — білім беру жобасын іске асыру», баяндамашы —Katalinic Branko, өнеркәсіптегі автоматтандыру бойынша халықаралық ұйымның президенті, Вена техникалық университетінің профессоры (Австрия).); «21 ғасырдағы тау — кен ісі: инновациялар мен перспективалар», баяндамашы — Fidelis Suorineni, профессор, Назарбаев университетінің деканы; «Қашықтықтан   оұыту нысаны жоғары оқу орындарында білім алудың инновациялық әдісі ретінде», баяндамашы — Kitajo Mitsushi, профессор, Киото Санге университетінің кафедра меңгерушісі. (Жапония); «Қаладағы көлік қауіпсіздігін басқару», баяндамашы — Данилов О. Ф., профессор, Түмен индустриялық университетінің кафедра меңгерушісі (Ресей); «Вирусқа қарсы препараттарды жасау мәселелері», баяндамашы — Kishore Lingam Gangadhara, профессор, Founder-Saanvika Pharma (Үндістан); «Рухани Жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртуда ұлт бірлігін қалыптастырудағы ғылым мен білімнің міндеттері», баяндамашы — М.А. Алпысбес, т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры; «Еуразия темір жолдарындағы ірі масштабты инвестициялық жобалар», баяндамашы — С. А. Быкадоров, э.ғ.д., Сібір мемлекеттік жол қатынастары университетінің профессоры (Ресей); «Зияткерлік жол жарықтандыруды дамыту перспективалары», баяндамашы — Д. И. Каюмов, «ENERGY SYSTEM LLP » ЖШС Бас директоры (Қазақстан).

Конференцияға әлемнің 18 елінен, соның ішінде АҚШ, Жапония, Франция, Германия, Канада, Австрия, Үндістан, Ресей және т.б. елдерден 16 университет пен ғылыми орталықтардан 800-ден астам баяндама келіп түсті. Конференцияға деген қызығушылықтың өсуі жылдам дамып келе жатқан сандық өнеркәсіп үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жетілдіру, өндіріске қажетті инновациялық технологияларды енгізу шеңберінде білім, ғылым, өндіріс және бизнес интеграциясын күшейтудің нақты қажеттілігінен туындады.

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігінің, сондай-ақ ҚарМТУ-дың «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумының базасында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары шақырылды.

 

Байланыс деректері: тел.: (8 721 2) 56 52 34

                                      e-mail: nauka-kstu@mail.ru

 

 

Без рубрики