22 ақпанда ҚарМТУ-да 2017-2018 жж. «Интернет-олимпиаданың» ІІ кезеңі өтеді


2017-2018 жж. «Интернет-олимпиаданың» ІІ кезеңіне қатысушылардың назарына: Қарағанды қалалық білім бөлімінің 31.01.18ж. №3-1/584 «Гепатит «А» ауруының алдын ауға байланысты шаралардың тиімділігін арттыру»  жөніндегі хатына сәйкес олимпиаданы өткізу мерзімі  2018 жылдың 22   ақпанына шегеріледі.

22.02.2018ж. сағ.: 10:00–де олимпиаданың ашылуы, ал 15.00-де  – жабылуы және жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі өтеді.

Өткізілу мерзімі  — Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,
Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56.

Тікелей турға қатысу құқығы Интернет–олимпиаданың сырттай турының қорытындысы бойынша барынша жоғарғы балл алған оқушыларға беріледі.

«Интернет-олимпиаданың» ІІ кезеңіне қатысушылардың назарына:
I. ҚарМТУ-ға грантқа оқуға түскен жағдайда Интернет-олимпиаданың жеңімпаздарының болашақ шәкіртақыларына төмендегідей көлемде  үстеме ақы қосылады:

1 орын — шәкіратқыға 10% үстеме төлем;
2 орын — шәкіратқыға 7% үстеме төлем;
3 орын — шәкіратқыға 5% үстеме төлем;

  1. ҚарМТУ-ға ақылы түрде оқуға түскен жағдайда Интернет-олимпиаданың жеңімпаздарына төмендегі көлемде ай сайынғы төлемақы беріледі:

1 орын — шәкіртақының жалпы сомасының 10% ;
2 орын –  шәкіртақының жалпы сомасының 7%;
3 орын — шәкіртақының жалпы сомасының 5%;
Әрбір жеңімпазға сертификат ұсынылады.

Без рубрики