21сәуір Станиславский атындағы театрда «Мисс ҚарМТУ- 2016» сән байқауы өтті


Байқау мақсаты- Университет студенттерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Ұйымдастырушылары: ҚарМТУ және ҚарМТУ студенттер кәсіподағы «Жас Орда».
Іс-шара демеушілері: сән және сұлулық саласындағы әр түрлі сала өкілдері, «A-one» сән агенттігі, «Pixel» фотостудиясы және бас демеуші — ЖШС «КазПласт».
Бақау 5 кезеңнен тұрады: «Видео-визитка»; «Ұлттық киімдердегі дефиле», «Зияткерлік жарыс», «Шебер» және «Шығармашылық жарыс».
Байқау нәтижесі бойынша «Мисс ҚарМТУ- 2016» атағын жол-көлік факультетінің екінші курс студенті Дильфуза Байжигитова иеленді. Жеңімпаздың айтуынша жеңіс оңайлықпен берілмеді- финалда ол мықты қарсыластармен кездесті.
— Ең алдымен, мен өз факультетімде жеңімпаз атандым — деп, ойымен бөлісті. –Байқаудың бастапқы кезеңінде барлық қатысам деушілер шақырылды. Сондықтан, мен өз күшімді сынамақ болдым. Ойда жоқта мен жеңіпшықтым, және деөзфакультетімнін атынан шығуға жолдама алдым. Онда мен әр қайсысы жеңіске лайықты сегіз қызбен жолықтым.осындай мықтты бәсекелестікке шыдап, жеңіп шыққаным мен үшін үлкен мәртебе.
Айта кететін жайт, қыздың таңдаған «Көлік техникасы» мамандығы қыз балаға лайықты мамандық деп айту қиын. Техникалық ЖОО-ға Дильфуза әкесінің жолымен келген.

Без рубрики