2018 – 2020 жылдар аралығында ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ)


2018 – 2020 жылдар аралығында ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ)  2018 – 2020 жылдар аралығында конкурстық құжаттамаға сәйкес (іргелі және қолданбалы зерттеулер) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар, ғылым дамуының басым бағыттары (энергетика және машина жасау; табиғи соның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; өмір және денсаулық туралы ғылымдар; ақпараттық, телекомуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасыр білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиясыз) және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: www.edu.gov.kz Ғылыми комитетінің сайтында: www.sc.edu.gov.kz орналасқан. Конкурстық құжаттама мен өтініш даярлау мәселелері бойынша түсіндіретін жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А. А., тел.: 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша – 74-16-53. Сұрақтарды жазбаша түрде электрондық пошта: kom_nauki@el.kz бойынша қоюға болады. Өтінішті тіркеу мен ЖТН алу үшін «МҒТЭҒО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі. 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9.00 – 18.30. Конкурстық өтініштер қолға немесе хат алғандығы жөнінде хабарламамен курьерлік пошта арқылы келесі мекен-жайға жіберіледі: 010000, Астана қ., Есіл ауд., Мәңгілік Ел д., 8, 11 под., 1039 каб., ҚР БҒМ Ғылыми комитеті. Тел. 74-24-59. Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9.00 – 18.30. Түскі ас: 13.00 – 14.30. Өтініш қабылданатын түпкілікті мерзім – конкурс туралы хабарлама жарияланған күннен күтізбелік 30 (отыз) күн.

Толық ақпаратты Ғылым департаментінен алуға болады

(бас корпус, 226 каб., тел. 56-68-22, ішкі 2226)

Скачать:

Конкурсная документация  на рус
Конкурсная документация  на каз

Без рубрики