2017 жылдың ақпанынан маусым айына дейін ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары ашық сабақтар өткізеді

2017 жылдың  14 ақпаны күні 4-корпустың 230 аудиториясында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінің оқытушысы  А.А. Құсаинова «Кәсіпкерлік іс әрекетін ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының жалпы сипаттамасы» тақырыбындағы ашық сабақ өткізді.  Сабаққа колледж директоры Н. А. Смагулова, колледж маманы Б.М. Ауезов қатысты. Ашық сабақ барысында білм алушылардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған қызықты танымдық ойындар өткізілді. Дәріске белсене қатысқан студенттер кәсіпкерлік қызметтің сырлары жайлы көптеген мәліметтер алды. Кітапхана қорына берілуі үшін  ЦУДД-ның қызметкерлері тарапынан сабақ бейне таспаға жазылды.