2016 жылдың 28 қыркүйегі күні 13:00 – 18:00 аралығында, Спорттық кешенінің №3 спорт залында қазіргі заманғы билер бойынша облыстық би сайысы өтті.


2016 жылдың 28 қыркүйегі күні 13:00 – 18:00 аралығында , Спорттық кешенінің №3 спорт залында қазіргі заманғы билер бойынша облыстық  би сайысы өтті.

Ұйымдастырушылар  — Қазақстан Студенттерінің Альянсы.

Мақсаты  — Қарағанды облысының жастары арасында би мәдениетін дамыту, студенттер мен жастарды қазіргі заманғы би өнеріне тарту.

Әділқазылар алқасы:

  1. Чингиз Жашибеков – қазіргі заманғы билер бойынша Республикалық жарыстардың жеңімпазы (2014ж, 2015ж, 2016ж);
  2. Алибек Рахимжанов – көше билері және қазіргі заманғы билер «Realize» клубының жетекшісі.

 

Жарыстар үш номинация бойынша өткізілді:

  1. Жалпыкомандалық шоу

Жүлделік қоры: 1 орын -100000 тг, 2 орын – 50000 тг, 3 орын – 30000 тг;

  1. Қыздар арасындағы 1х1 Соло жарыстар

Жүлделік қоры: 1 орын – 25000 тг, 2 орын – 10000 тг;

  1. Жігіттер арасындағы 1х1 Соло жарыстар

Жүлделік қоры: 1 орын – 25000 тг, 2 орын – 10000 тг.

Алғашқы номинация бойынша Қарағанды облысы ЖОО-ы және колледждері атынан 19 команда қатысты. 2.          Қыздар арасындағы соло жарыстарға 23 адам, ал жігіттер арасындағы соло жарыстарға 25 адам қатысты.  Осы номинация бойынша іріктеу өтіп, нәтижесінде іріктелген жастар өз арасында 1х1 жарыстан шығып қалу олимпиядалық жүйе бойынша сайысты.

Жарыс соңында әділқазылар шешімдерін шығарды:

Жалпыкомандалық шоу бойынша «East Side» би студиясының өкілдері  «The Fuse» жеңіске жетті.

2-орынды «Persona» фитнес-клубының өкілдері «Sinigami 13» командасы иеленді.  3-орынды «Қарақат» би студиясының өкілдері «Black & White» командасы иеленді.

Қыздар арасындағы 1х1 Соло жарыстар бойынша 1-орынды Сагындыкова Зура, 2-орынды – Алибекова Дана иеленді, екі қатысушы да «Sinigami 13» командасының мүшелері.

Жігіттер арасындағы 1х1 Соло жарыстар бойынша 1-орынды Аманжолов Айдос, 2-орынды – Назипов Ильдар  иеленді, екі қатысушы да «Sinigami 13» командасының мүшелері.

 

Без рубрики