2016 жылдың 25 қазаны күні ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында студенттер арасында «Ойлан да, тап!» интеллектуалды ойыны өтті.

2016 жылдың 25 қазаны күні ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында студенттер арасында «Ойлан да, тап!» интеллектуалды ойыны өтті. Оған осы жатақханада тұратын студенттерден құралған 7 команда қатысты. Жатақхананың әр қабаты атынан құрамы 3 адамнан тұратын командалар жасақталып, сайыс басталды.

Интеллектуалды ойын 7 турдан тұрды. Қатысушылардың жалпы саны – 21 адам.

Әділқазылар құрамы: Жаутикова Салтанат Ахатқызы – ЖСД-нің директоры, Жетписбай Шолпан Аханқызы –«Серпін» оқу орталығының басшысы, Напиых Жалын – ТҚ АО Студкеңесінің төрағасы.

1-орынды жатақхананың 7-қабатының студенттері (Сәулет және құрылыс факультеті) «Қара домалақтар» командасы иеленді. Командаға диплом, Оскара мүсіні, ал әрбір қатысушыға ескерткіш сыйлықтар ұсынылды.

2-орынды «Алғырлар» (Инновациялық технологиялар факультеті, 9- қабат) командасы алды. Командаға диплом ұсынылды.

Ал 3-орынды  8-қабатта тұратын «Тұлпар» Жол-көлік факультетінің студенттері иеленді. Командаға диплом берілді.

«Ойлан да, тап!» интеллектуалды ойынының  барлық қатысушылары құрмет грамоталарымен марапатталды.

1234