2016 жылдың 25 қарашасында ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік тілдің мәртебесі-мемлекет мақтанышы» атты тақырыпта дебат ойыны өтті

2016 жылдың 25 қарашасында ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік тілдің мәртебесі-мемлекет мақтанышы» атты тақырыпта дебат ойыны өтті. Дебатқа 4 топ қатысты:

  1. «Зерде»;
  2. «Тұлпар»;
  3. «Жалын»;
  4. «Болашақ»

Әділқазылар құрамын Кураторлар кеңесінің төрайымы Смагулова Н.А., «Серпін-2050» оқу орталығының әдіскері Серикова А.О., Қарағанды облысының сардары Кобейсинов Е.М. құрады.  Бірінші болып «Болашақ» және «Зерде» тобы ойынға түсті, ойын барысында спикерлер өздерің ұшқыр ойларымен, нақты дәлел-дәйектерімен көзге түсті. Екінші болып және «Тұлпар» топтары сөз қозғады. Аталған дебат ойынының финалына «Болашақ» пен «Жалын» тобы әділқазылар алқасының аяқ асты таңдаған тақырыбына, «Тәуелсіз елдің жастарында отаншылдық рух бар ма?» ойынға түсіп, ТТ-16-1 тобының студенттері «Болашақ» және «Жалын» тобы жеңіске жетті. Қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

1

«Болашақ» тобы

Марапаттау рәсімінен кейін