2016 жылдың 20 қыркүйегі күні ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында жәрмеңке өткізілді


2016 жылдың 20 қыркүйегі күні 17.00 – 19.00 сағат аралығында ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында ҚР халықтарының тілдері күніне орай жәрмеңке өткізілді. Оған ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасынан 6 команда қатысты. Әр команда Қазақстан халықтарының ерекшелігін көрсетететін нөмірлер дайындап, өнер көрсетті:

  1. 3 қабат – Испандықтар
  2. 5 қабат – Өзбектер
  3. 6 қабат – Түріктер
  4. 7 қабат – Қазақтар
  5. 8 қабат – Орыстар
  6. 9 қабат – Ұйғырлар

Жеңіске Түркия атынан өнер көрсеткен жатақхананың 6-қабатының студенттер командасы жетті.

2-орынды орыс халқының ерекшеліктерін көрсеткен 8-қабатта тұратын студенттер алды.

Ал 3-орынды  9-қабатта тұратын ұйғыр халқының атынан нөмір әзірлеген студенттер иеленді.

Барлық командалар әртүрлі номинациялар бойынша құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді. Сондай-ақ жәрмеңкеде командалар өздері тарапынан әзірлеген тәтті-дәмділерді сатып, жиналған қаражатты балалар үйіне жолдады.

Без рубрики