2016 жылдың 18 қарашасы күні ҚарМТУ-дың «Жастар әлемі» студенттер сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жастар жобаларының аймақтық студенттік форумы өтті


2016 жылдың 18 қарашасы күні ҚарМТУ-дың «Жастар әлемі» студенттер сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жастар жобаларының аймақтық студенттік форумы өтті.

Форум мақсаты – білім алушылардың танымдық қызметін арттыру, жастардың тілдік құзіреттілігін анықтау және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Форумды  ұйымдастыруға ҚарМТУ-дың Көптілді білім беру инновациялық орталығы мен орыс және шет тілдері кафедрасы ұйтқы болды.

Форум аясында студенттер мен магистранттардың еркін сөйлеу қабілеті мен шығармашылығын анықтауға мүмкіндік беретін TED-жобаларын қорғау ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қарағанды қаласының ЖОО: ҚарМТУ, Е.А. Букетова атындағы ҚарМУ, ҚММУ, «Болашақ» академиясынан халықаралық қарым-қатынас, әлеуметтік және саяси ғылымдар,  медицина, бизнес және техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан 62 студент қатысып, қорғауға 52 жоба ұсынды.

Жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қорғалды. Жобаларды қорғау кезінде орыс тілін жетік меңгерген Индия, Иордания және  Ауғаныстандық үш студент ерекше көзге түсті. Олар – Чахар Шивам, Вандья Ашиш (ҚММУ) «Индиядағы демографиялық жағдай» жобасы; Мохамад Солайман, Тамир Аввад –ҚарМТУ-дың 2-курс студенттері  «Шетелде білім алу» жобасы.

Форумды тамашалауға келген көрермендер әртүрлі формадағы жобаларды; ғылыми баяндамалар, ойтолғаулар, атақты жазушылардың прозасынан үзінді,  авторлық туындыларды тыңдады. Осы арада  форумға авторлық жеке-дара шығармаларын ұсынған ҚарМТУ-дың 2 курс студенті Шондыбай Асылдың (МЕТ-15-2к тобы) туындыларын атап өткен жөн. Жобалардың басым көпшілігіне мультимедиялық презентация, слайдтар жасалып, музыкамен сүйемелденген.  Жоба тақырыбын таңдау еркін түрде өтті. Форумға қатысқан әрбір жас шығармашылық талантымен, жеке-дара қабілеттерімен көзге түсті. Ең қиыны, әрине, жеңімпаздарды анықтау сәті болды. Қатысушылардың әрбір сөзін қалт жібермей, әділ төрелігін жасау үшін төмендегідей құрамда әділқазылар алқасы жұмыс жасады:

Оспанова Б.Р. – ф.ғ.к., доцент, Көптілді білім беру инновациялық орталығының директоры, ҚарМТУ-дың орыс және шет тілдері кафедра меңгерушісі; Какжанова Ф.А. — ф.ғ.к., Е.А. Букетова атындағы ҚарМУ-дың шет тілдері кафедрасының доценті, «Болашақ» академиясының ф.ғ.к., Ибраева Б.М. – ф.ғ.к., шет тілдері және мәдениетаралық коммуникациялар кафедрасының доценті»; Калыбекова К.С. — ф.ғ.к., ҚарМТУ-дың қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті. Акишева Ж.С. — ф.ғ.к., ҚММУ орыс тілі кафедрасының доценті. Форум қорытындысы бойынша студенттер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болды.

І дәрежелі Диплом:

  1. Қайратов Арман (ҚарМТУ, БЖД-16-1) — «Роботты техниканы модульдік құрастыру арқылы дәстүрлі емес энергия көздері» жобасы;
  2. Утпаева Лариса (Е.А. Букетова атындағы ҚарМУ, МО-14) — «Өзге сабын өнімдеріне қарағанда қолдан жасалған сабындарды қолдану бойынша бизнес-жоба» атты жобасы.

ІІ дәрежелі Диплом:

  1. Чахар Шивам, Вандья Ашиш (КГМУ) — «Индиядағы демографиялық жағдай» жобасы;
  2. Дүйсембекова Мадина (ҚарМТУ, ФИЭМ-15- 2) — «Өз күшіңді пайдалан» жобасы;
  3. Шондыбай Асыл (ҚарМТУ, МЕТ-15- 2к) — «Тәуелсіз Қазақстан – 25 жыл» жобасы.

ІІІ дәрежелі Диплом:

  1. Мохамад Солайман, Тамир Аввад (ҚарМТУ С-15- 4) — «Шетелде білім алу» жобасы;
  2. Сахаров Даниил (ҚарМТУ, ЭЭ-16- 4) — «ҚР ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі» жобасы;
  3. Тарихи Махаббат (ҚарМТУ, ГД -16- 2) — «Қарттар үйі мен жетімдер үйін біріктіру» жобасы.

Форумның барлық қатысушыларына іс-шараға белсене қатысқаны үшін  алғыс хат берілді.

Без рубрики