2016 жылдың 16 қазаны күні 17.00 – 19.00 сағат аралығында ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында тұратын студенттер арасында Универститетіміздің спорт кешенінде көп сатылы жарыс бойынша спорттық турнир өтті.

2016 жылдың 16 қазаны күні 17.00 – 19.00 сағат аралығында ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасында тұратын студенттер арасында Универститетіміздің спорт кешенінде көп сатылы жарыс бойынша спорттық турнир өтті. Оған 7 команда қатысты. Әр команданың құрамында  5 адам (4 жігіт және 1 бойжеткен) сайысты.

Жалпы қатысушылар саны – 35 адам. Жарыс спорттың 5 түрі бойынша жүргізілді:

  1. Кермеде тартылу;
  2. Қоссырықта өзін-өзі көтеру ;
  3. 16 кг гір тасын итеру;
  4. 100 метрге жүгіру;
  5. 400 метрге жүгіру (қыздар).

Жалпыкомандалық есепте жатақхананың 7-қабатының студенттері (Сәулет және құрылыс факультеті) жеңіске жетті, 2-орынды 5-қабатта тұратын студенттер (Тау-кен факультеті және Инновациялық технологиялар факультеті) 3-орынды  4-қабатта тұратын (Тау-кен факультеті) студенттер иеленді.

Барлық командалар диплом, медаль, құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді.