2016 ж 1 қыркүйек сағ 8:30 бас ғимараттың алдында Білім күніне арналған мерекелік іс- шара өтеді

Мерекеге шақырылғандар: Абдибеков Н.К. – Қарағанды обл. әкімі; Абишев Ж.А. – Қарағанды обл. әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселесі жөніндегі орынбасары; Оспанова К.Б. – «НұрОтан» партиясының ҚБ төрағасының орынбасары; Самойлюк Т.Ф. – Қарағанды обл білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы; Сулейменов Т.С., Сарекенов К.З., Омашев К.О., Толеубаев Е.И., Никонов В.А. – ҚР Президентінің курстастары; Дрижд Н.А. – мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері; ҚарМТУ Тәртіптік кеңесінің төрағасы; профессор; Дедуренко А.И. – «КарагандаНеруд» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы; Акбаев Т.А. –«Шубарколькомир» АҚ Президенті; Билык Людмила Николаевна, Билык Алексей Анатольевич – еңбек сіңірген мүсінші Билык Анатолия Петровичтің жұбайы мен ұлы; Тогайбаев К.Б. – ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің төрағасы; Корпоративтік университет, Түлектер клубы мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері.

Іс-шара бас ғимараттың 114 б. Металлургтердің мүсіндік композициясын, атақты мүсінші, Қарағанды қ. құрметті азаматы, бір жыл бұрын дүниеден өткен Анатоли Билыктың жұмысымен таныстырудан басталады. Анатолий Петрович қала үшін ең басты символ «Шахтерлік даңқ» және басқа да ондаған мүсіндер жасады. А.П.Билыктың туғандары Университетке тарту еткен аталмыш жұмыс ҚарМТУ-дың құрметті профессоры Н.А.Назарбаевтың мұражайында орынын тапты.

Мерекелік іс-шара Университеттің Бас ғимаратының алдында жалғасады.ҚарМТУ ректоры және шақырылған қонақтар Университеттің негізін салушы Әбілқас Сағынұлы Сағыновтың мүсініне гүл шоғын қояды.

Құттықтау сөзден кейін Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Арстан Мәуленұлы Ғазалиев ҚР Білім және ғылым министрлігінің төс белгілерімен Университеттің үздік профессорлық- оқытушылық құрамының келесі мүшелерін марапаттайды:
«Ы. Алтынсарин» төс белгісімен: Кошебаева Гаухар Капеновнаны – «Кәсіпорын менеджменті» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент; Камаров Рымгали Кумашевичті – А.С. Сағынов атындағы «Пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; Тогайбаев Каден Бариевичті – «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен : Муравьев Олег Павловичті –ҚарМТУ Ғылым департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, ИИДМБ-2 бойынша ҚарМТУ жобалық кеңсесі төрағасының орынбасары; Кабиева Сауле Казжановнаны – «Өндірістік экология және химия» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент; «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен: Кабикенов Сапар Жомартовичті – «Көліктік техника және логистикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
Исин Даулет Калыковичты – «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.

Тау-кен ғылымдарының ұлттық академиясының «Тау-кен ғылымдарының үздігі» құрмет белгісімен марапатталатындар: Исабек Тұяқ Көпейұлы– А.С. Сағынов атындағы «Пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, доцент; Камаров Рымгали Кумашевич – А.С. Сағынов атындағы «Пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; Ожигин Сергей Георгиевич – ҚарМТУ тау-кен факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы; Булатбаев Феликс Назымович– ҚарМТУ энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінің кандидаты; Левицкий Жорж Георгиевич – «Кен аэрологиясы мен еңбекті қорғау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы; Харьковский Виктор Сергеевич – «Кен аэрологиясы мен еңбекті қорғау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты; Ожигина Светлана Борисовна – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты; Бейсембаева Ольга Газизовна – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты; Хмырова Елена Николаевна – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты.

Құттықтау сөздерден кейін сахнаға бірінші курс студенттерінің пакеттерінтабыстау үшін «Алтын Белгі» иегерлері және Халықаралық олипиада жеңімпаздары, сонымен қатар Халықаралық жобалардың жеңімпаздары шақырылады. Жаңа оқу жылында 12 «Алтын Белгі» иегері біздің Университеттің студенттері атанды.

Салтанатты бөлімнен кейін ҚарМТУ студенттерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт өтеді.

Студенттер үшін мерекелік іс-шара «Студент жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы бір уақытта ҚарМТУ-дың 362 тобында өтетін кураторлық сағатпен аяқталады.