2014 – 2015 оқу жылдарында студенттер мен профессорлық оқытушылық құрамның ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру


       Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі және заманауи оқу орыны қызметінің  басты бағыттарының бірі болып табылады.

         Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студенттер мен профессорлық оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру келесі құжаттарға сай жүргізіледі:

  • ҚР БҒМ 2011 жыл 20 сәуірдегі  № 152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне;
  • Жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлығы концепциясына (ҚР БҒМ 2011 жыл 19 ақпандағы кеңейтілген коллегия шеңберінде өткен ректорлар жиынында қабылданған);
  • Білім беру орындары жүзеге асыратын халықаралық ынтмақтастықты ұйымдастыру ережелеріне (ҚР білім және ғылым министрі орынбасарының 2007 жыл 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығы);
  • Шетелде білім алуға, сонымен қатар академиялық ұтқырлық шеңберінде жіберу ережелеріне (ҚР білім және ғылым министрінің 2011 жыл 30 желтоқсандағы № 549бұйрығы);
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру ережелеріне сай.

       

ҚарМТУ-да Болон декларациясының негізгі қағидалары жүзеге асырылған: білім берудің кредиттік технологиясы енгізілген, шетелдік университеттермен біріккен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады, мамандарды дайындаудың үш деңгейлі үлгісіне толықтай көшірілді: бакалавр- магистр- Ph.D. докторы.

Академиялық ұтқырлық жоғары білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің тиісділігін жоғарылатуға, ішкі және сыртқы интеграциялық байланыстарды орнатуға, әлемдік білім беру ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді, ол тұлғаның жеке дамуына және жұмысқа орналасуы үшін маңызды, көптүрлілікті  сыйлауға және басқа мәдениетпен жұмыс істеуге  тәрбиелейді.

 

         Студенттер мен профессорлық оқытушылық құрамының сыртқы академиялық ұтқырлығын  жүзеге асыру үшін университет әлемнің 22 елінің шетелдік ұйымдары және жоғары оқу орындарымен  124 халықаралық келісімшарт және меморандумдар жасасты.

2014- 2015 оқу жылының күзгі семестірінде ҚарМТУ-дың 11 студенті 1 академиялық  кезең аралығында келісілген оқу жоспарлары бойынша белгіленген пәндерді меңгеріп, жоғарғы нәтиже көрсетіп (орташа көрсеткіш 95%) емтихандарын тапсырды. Бұл өз кезегінде келесі университеттердің білім сапасын көрсетеді:

  • Луизиан техникалық университетінде (АҚШ) — Бекжан А.М., БТ-11-1 тобы және  Бижамбекова А.Б., МВ-12-2 тобы;

Триеста университетінде (Италия) Таткеева А.М.,  ТЭМ-13-1  және Алашпе-кова А.С., БЖД 12-1;

— Нанси университетінде (Франция) — Муратова А.К.,  РЭТ-13-1;

— «МЭИ» ұлттық зерттеу университетінде (Ресей, Мәскеу) — Тохметова К.М., АУМ-13-1 және  Омаров А.С., АУМ-13-1;

— Томск политехникалық ұлттық зертеу Университетінде (Ресей,Томск) — Жакан Ж., АиУ-11-3; Сергеев Д.С., МЕТ-13-5; Доскажанов Ч.Т.,  ВТ-12-2 және Верещагина Д.О., ВТ-12-2.

2014 – 2015 оқу жылының күзгі семестірінде 24.09.20014 ж.- 24.01.2015 ж. аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-да Градец- карлове университетінен 3 студент «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алды (Чех Республикасы): Сарка Резкова, Вероника Мазанцова және  Мартина Билкова. 1 академиялық кезең аралығында студенттер келісілген жеке оқу жоспарлары бойынша  «Орыс тілі, «Менеджмент» және «Маркетинг» пәндерін игеріп, жоғары нәтижемен (орташа көрсеткіш 97% емтихан тапсырды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шетелде машықтанудан  және біліктілікті арттыру курстарынан өту нәтижесі бойынша  профессорлық оқытушылық құрам таңдаған бағыт  пәндерін оқыту әдістемесі бойынша  шетелдік ЖОО және мекемелердің тәжірибесін жинақтап, шет тілдерін жоғары деңгейде меңгерді.

2014 -2015 оқу жылының күзгі семестірінде ҚарМТУ-дың 7 профессоры 2014 жылдың 20 -25 қазан аралығында ынтымақтастық туралы келісімшарттың шеңберінде Шихэцзы университетінде (Қытай) сабақтар мен ғылыми консультациялар өткізді. ҚарМТУ делегациясы Шихэцзы университеті үшін маңызды келесі ғылыми бағыттар мен білім беру бағдарламаларын қамтыды:
       1.Сәулет және құрылыс (проф.
Нугужинов Ж.С.);

  1. Өндіріс үдерістерін автоматтандыру (проф. Брейдо И.В.);

3.Механика (қауымдастырылған проф. Филиппова Т.С.);

4.Экономика (проф. Кошебаева Г.К.);

  1. Жаңа химиялық технологиялар (қауымдастырылған проф. Кабиева С.К.);

6.Материалтану (қауымдастырылған проф. Квон С.С.);

7.Орыс тілі (қауымдастырылған проф. Оспанова Б.Р.).

2014 – 2015 оқу жылының күзгі семестірінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының шеңберінде ҚарМТУ-дың 5 оқытушысы мына оқу орындарға барып қайтты:

 — King’s College London (Ұлыбритания) – ШТ кафедрасының аға оқытушысы Есжанова С.Т.;

Еуразиялық академия  (Словак Республикасы) – МТ кафедрасының т.ғ.к.

Бийжанов С.К. және т.ғ.к. Никонова Т.Ю.;

 «Ақапарттық технологиялар, механика және оптика» Санкт-Петербург ұлттық зерттеу унивенрситеті  (Ресей) – АЕТ каф. меңгерушісі Амиров А. Ж.;

— Материалдардың микроқұрылымы мен механикасын зерттеу зертханасы (Ресей) – ММжәнеН каф. меңгерушісі Щербакова Е.П.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу нәтижелері бойынша жоғарыда аталған профессорлық оқытушылық құрам сбақтар желісі мен ғылыми консультациялар өткізді, соның нәтижесінде шетелдік ғалымдармен келеі жолдар арқылы байланыс орнатылды:

  • Біріккен ҒЗЖ жүргізу, оқу, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер шығару;
  • Нөлдік емес импакт- факторы бар көрсеткішті журналдарда шығару үшін ПОҚ бірге бірден кем емес мақала дайындау;
  • ҚарМТУ оқыту үдерісіне жаңашыл технологиялардың трансфертін қамтамасыз ету (бейнелі дәрістер, онлайн- конференциялар, case-study, дәрістер, студенттердің өздік жұмыстарына сұрақтар, аралық және қорытынды бақылауға тесттік тапсырмалар, файлдар репозиторийлерін жасау және т.б.).

         Академиялық ұтқыр тұлғаға қойылатын негізгі талаптардың бірі әлеуметтік, мәдени, академиялық және кәсіби кеңістіктерде  нәтижелі қатынас орнатуға мүмкіндік беретін шетел тілін сапалы деңгейде игеру болып табылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім алу нәтижелеріне сүйенсек студенттердің шетел тілдерін игеру деңгейлері, сонымен қатар таңдаолған мамандықтары бойынша білім деңгейлері шетелдік білім ордаларының тәжірибелерімен танысуларының арқысында спалары жоғары болады.

Студенттер мен профессорлық оқытушылық  құрамның ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін университет Қазақстанның, соның ішінде Ұлттық жоғары оқу орындармен ынтымақтастық туралы 39 келісімшарт жасалды:

  1. Автономды білім беру ұйымы «Назарбаев университеті» (Астана);
  2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана);
  3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
  4. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техниклық университеті

(Алматы);

5.Қазақ ұлттық аграрлық  университеті (Алматы).

2014 – 2015 оқу жылының күзгі семестірінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығында білім алып жүрген Орал Шынар 6 және 7 оқу семестрлерін қамтитын 2 академиялық кезең аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде келісілген жеке оқу жоспарлары бойынша пәндерлді оқып, жоғары нәтижемен емтихандарын тапсырда (орташа көрсеткіші 95%).

 

2014 – 2015 о.ж. күзгі семестірінде 1 академиялық кезең аралығында ҚарМТУ-да 5 студент келесі университеттерде  келісілген жеке оқу жоспарлары бойынша білім алып, жоғары нәтижемен емтихандарын тапсырды (орташа көрссеткіштері 95%):

  • Ш.Уәлиханов атындаы Көкшетау мемлекеттік университетінен «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша Жора М.К. және Нургожина А.Ж.;

-«А.О.Байқоныров атындағы Жезқазған университеті» АҚ «Электрэнергетика» мамандығы бойынша  Тәжі Ш.Н. және Токмаганбетова Ж.У., сонымен қатар «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығы бойынша  Капсалямова З.С..

2014 – 2015 о.ж. күзгі семестірінде профессорлық оқытушылық құрамның ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушылардың бағдарламаға қатысқылары келмеу себебінен жүезе асқан жоқ.

 

2014 -2015 о.ж. көктемгі семестірінде сыртқы академиялық  ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Градец- Кралове университетінде (Чех Республикасы) ҚарМТУ-дың келесі студенттері білім алады:

         — «Есептеуіш  техника  және  бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығы бойынша  Молдабай Н.О., ИКТС-13-1с және Альберти И.В., ВТ-12-2

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша

Плеханова Е.Н.,  ВТ-12-2

 

2014- 2015 о.ж. көктемгі семестірінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдаламасын жүзеге асыру мақсатында ҚарМТУ студенттері келесі университеттерде білім алуды жоспарлап отыр:

      — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде  (каф. ҚМӨТ);

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде  (каф. КО);

академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивенрситетінде  (каф. АТҚ);

Қарағанды экономикалық университетінде (каф. АЕЖ, каф. ӨК және  каф. ӨҰ);

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде (каф. ӨҮА және  каф. ММжәнеН).

Без рубрики