2011-2012 оқу жылы іс-шаралары


Жастар саясаты департаменті 1-қыркүйекте ҚарМТУ алаңында Қазақстан Республикасының Білім Күні және Конституция Күніне арналған салтанатты жиылыс өтті. ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевтің бірінші курс студенттеріне арналған құттықтау сөзі оқылды, сонымен қатар Қарағанды облысының Ішкі саясат департаментінің өкілдері, ҚарМТУ Корпоративтік университетіне мүше кәсіпорындарының басшылары сөз сөйледі. Құрметті қонақтар арасында ҰОС ардагері С.Г. Пономарева мен облыстық білім және ғылым саласындағы жұмысшылар кәсіподағының төрайымы Т.Ф. Самойлюк болды. Салтанатты жиылыс соңында студенттік көркемөнерпаздар ұжымдарының дайындаған мерекелік концерті өтті. Күннің екінші жартысында ҚарМТУ ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі А.М. Ғазалиев университеттің акт залында лекция оқыды, лекция барлық лекциялық аудиторияларда көрсетілді. 10-қыркүйекте Қарқаралыда, Кент тауының етегінде, ұлы ақын Қасым Аманжоловтың 100-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚарМТУ бұл шараға қатысып, құрметті қонақтар – Жаркен Бөдешұлы, Абзал Бөкенов, Есенбай Дүйсенбай сынды ақындар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәбит Досановқа арнап киіз үй тікті. ҚарМТУ студенттік көркемөнерпаздар үйірмелерінің қатысушылары концерттік бағдарлама дайындады. 24-қыркүйекте ҚарМТУ Бас корпусының акт залында профессорлік-оқытушылық құрамға арналған «Қазіргі әлемдегі дін. Конфессияаралық толеранттылық және келісім» тақырыбына семинар өтті. Семинардың мақсаты – студенттік жастарда этносаралық және конфессияаралық толеранттық мәдениетті қалыптастыру. Семинар бағдарламасында келесі спикерлер сөздері тыңдалды: — Трофимов Яков Петрович – «Болашақ» ҚУ политология және жалпы пәндер кафедрасының профессоры, діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты; — Алпысбаев Рашид Әбдуәлиұлы – Қарағанды қ. Бас мешітінің имамы; — Патрикеев Михаил Александрович – Орыс Православиялық шіркеуінің Қазақстандық метрополиясы, Қарағанды шіркеулік округінің Қарағанды және Шахтинск епархиясының протоиерейі; — Калет Януш Поток – Қарағанды Римдік-католиктік епархиясының бас викариі. Семинар модераторы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор міндетін атқарушы Байжабагинова Гүлжахан Әбжанқызы болды. Шара соңында «Адасқандар» фильмі көрсетілді, сонымен қатар семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар талқыланды. 26-қыркүйекте құрметті педагог-новатор, ойшыл-ғалым, өндірісші, аудармашы, академик Сағынов Әбілқас Сағынұлын еске алу үшін ҚарМТУ ректораты, студенттері мен оқытушылары жиналды. Кезінде орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой былай деген еді: «Кітаптағыны көп оқып-тоқыған адам – ғалым, өз заманының барлық білімі мен ілімін меңгерген адам – білімді, өмірдің мәнін түсінген адам – оқымысты». Ұлы ойшыл келтірген критерилердің ең болмаса біреуіне сәйкес келу – бұл заманда өте қиын. Бірақ, осы критерилерге толық сәйкес келетін мыңның ішінде біреу табылып жатады. Академик Әбілқас Сағынов осындай адамдар қатарына жатады. Оның қабілеттілігі, өмірлік энергиясы, таланты біздерге өнеге болу керек. Бұл күні Әбілқас Сағынұлы жайлы көптеген жақсы сөздер айтылып, оның өмірі туралы фильм көрсетілді. 28-қыркүйекте бірінші курс студенттеріне арналған ҚарМТУ жастар ұйымдарының презентациясы өтті. Іс-шараның модераторы Жастар ісі департаментінің директоры Далабаева Гүлнар Бәкенқызы болды. Презентация барысында студенттер «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіподағы, «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы, Қазақстан студенттері альянсы, «Student life» студенттік газеті, сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дебат клубтарының жұмысымен, «Жастар Әлемі» Жастар сарайындағы алуан түрлі шығармашылық студиялармен танысты: қазақ және орыс тілдеріндегі театрлық студиялар, үрмелі аспаптар және джаз оркестрі, халықтар, заманауи, шығыс билері, вокалдық студия, домбыра ансамблі. Біз сіздерді осы үйірмелер қатарына жазылуға шақырамыз. Қосымша ақпарат үшін «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіподағына (бас корпус 124 каб.) және «Жастар Әлемі» студенттер сарайына хабарласыңыздар. Қазан айы – дәстүрге айналған студенттер қатарына қабылдау кезеңі 12, 13 және 15-қазан күндері бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау өткізілді. «Нұр Отан» ХДП ғимаратында барлық Институттар студенттері жиналды. Оларға Университеттің белгілі вокалистері, хореографиялық ұжымдар мен «Жастар» КТК дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Институт директорларының құттықтау сөздері айтылды: «Студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылды, енді сіздер толық Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерісіздер!». 17-қазанда ҚарМТУ-де Қазақстан мәдениеті мен өнерін әлемдік аренада танытып жүрген көрнекті пианинашы Жәния Аубакировамен кездесу ұйымдастырылды. Бұл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының техникалық ЖОО студенттерімен алғашқы кездесуі болды. Ол Университеттің заманауи бейнесі, жоғарғы даму динамикасы, студенттер мен оқытушылар аудиторияларының мәдени деңгейіне шын жүректен ризашылығын білдірді. Өз кезегінде политехтықтар атақты музыкант, қоғам қайраткері – Жәния Аубакированың шығармашылығына қызығушылық танытты. ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев сөз сөйлеп, Жәния Аубакироваға алғыс білдірді. 19-қазан – «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Ауылдың көркеюі – Қазақстанның көркеюі» еңбек семестрінің жабылуы өтті. Қазан айы бойы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жас талап – жас дарын 2011» конкурсына қатысуға сұраныс білдірген бірінші курс студенттері арасында іріктеу туры өткізілді, 25-қазан – Студенттер сарайында Гала-концерт өтті. 26-қазан – ОСӨСҚМО-мен біріккен Ұлттық ішімдіктен бас тарту күні өткізілді. 9-қараша – мемлекеттік тілде ҚарМТУ реторының кубогіне институтаралық КТК ойындары өтті. 12-қараша орыс лигасының «Дебют первокурсника» институтаралық КТК ойындары өтті, ойындар жеңімпазы Тау-кен институтының «Бесінші бұрыш» командасы. 17-қараша – Студенттер сарайында Халықаралық студенттер күніне арналған концерттік бағдарлама өтті, барлық институттар студенттері шақырылып, декандар орынбасарлары мен ТІ жөніндегі проректор тарапынан құттықтау сөздер айтылды. 24-қараша – Студенттер сарайында ҚарМТУ студенттері мен Қарағанды қ. Ішкі саясат бөлімінің бастығы Арынғазин Ғалым Арынғазыұлымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты Қарағанды облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдарын түсіндіру. Студенттер баяндамашыны ықыласпен тыңдап, тұргын үйді жалға алу, қаламыздағы шығармашыл жастарға көмек көрсету т.б. туралы сұрақтар қойды. Кездесуге 250 студент қатысты. 29-қараша – Қарағанды облысының бас имамы Р.А. Алпыспаев және Ж. Нығманның 2- курс студенттерімен кездесуі өтті. 30-қараша – Бас корпустің акт залында этномәдени бірлестіктердің «Бір ел – бір тағдыр» атты облыстық фестивалі өтіп, Ж.Жумашев, М.Аспандиярова, Ғ.Исатаев және ҚарМТУ «Жауқазын» домбыра ансамблі белсенді қатысты. Шараның мақсаты жастарда толеранттылықты қалыптастыру. 30-қараша – С.Сейфуллин атындағы драма театрында «Мисс ҚарМТУ-2011» сән байқауы өтті. Байқауға әр институттан және Технологиялық колледжден 10 үміткер қатысты. Концерттік бағдарламаға Жастар саясаты департаментінің барлық шығармашылық ұжымдары қатысты: бишілер, вокалистер, домбырашылар. Байқау нәтижелері: «Мисс ҚарМТУ -2011» – Алия Абдразакова – ӘТИ студенті «Вице-мисс ҚарМТУ-2011» – Катерина Боденко – ТИ студенті; «Мисс Талант» — Ақ-Тоты Жетпісбаева – ЖКИ студенті; «Мисс Очарование» – Алина Кадарменова – Технологиялық колледж студенті; «Мисс Обаяние» – Алина Джабаева – КТЖИ студенті. Қараша айында ЖИТС мәселесіне арналған «Бізді толғандыратын мәселе» тақырыбына әлеуметтік плакаттар байқауы өтті. 1-желтоқсанда байқау нәтижелері анықталды. Аталған байқауда Технологиялық колледж және КТЖИ студенттері белсенділік көрсетті. Байқау нәтижелері бойынша 8 студент 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі мадақтамаларға ие болды. Байқау нәтижесі : «Графикалық редакторда орындалған жұмыстар» 1-орын – ПС тобы (КТЖИ) 2-орын – 11 КЭП-10-2 тобы 3-орын – Югай Игорь ВТ-09-2 тобы 3-орын – 9 КАП-10 тобы «Қолмен орындалған жұмыстар» 1-орын – 9 КДЗ-10 тобы (ТК) 2-орын – 9 КПО-10-2 тобы (ТК) 3-орын – Жұманова Камшат ИЭ-11-11к тобы 3-орын – 9 КПО-10-1к тобы (ТК) 2011ж. 9-желтоқсан күні «Жастар Әлемі» жастар орталығында Қ.Аманжоловтың 100-жылдық мерейтойына арналған спектакль премьерасы өтті. Театр режиссері М.Қойшығарин қойылым барысында ведео, слайдттар пайдаланды. 12-желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Менің Отаным Казахстан» атты Салтанатты жиналыс ұйымдастырылды және өткізілді. Университеттің оқу, қоғамдық және ғылыми жұмыстарында көзге түскен студенттерге мадақтамалар тапсырылды. Концерттік бағдарлама өткізіліп, патриоттық әндер шырқалды, Қазақстан Республикасы жайында видеороликтер трансляцияланды. 30-желтоқсан – ҚарМТУ ПОҚ және қызметкерлерінің Жаңа жылдық кешіне Жаңа жылдық концерттік бағдарлама өткізілді. 18-қаңтарда ҚарМТУ Мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Парламенттік сайлаудағы жеңімпаздарын құттықтау акциясы ұйымдастырылды және өткізілді. Залға 500 тарта студенттер мен ПОҚ жиналды, ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев, профессор И.Д. Арыстан, доцент Т.С. Ынтықов, «Нұр Отан» ХДП жастар қанатының көшбасшысы Н.А. Жетпісбаев сөз сөйлеп, іс-шара барысын «Хабар» телеарнасы түсірді. 27-қаңтарда Парламент палаталарының біріккен мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты жылсайынғы Халыққа жолдауын жариялады. Университеттің Мәжіліс залында, №337, 338 аудиторияларында Жолдауды тікелей эфирде тыңдау ұйымдастырылды. Университет студенттерінің пікірлері тыңдалып, Республикалық, облыстық БАҚ-на жіберілді. 7-ақпанда Университеттің конференц-залында студентер мен оқытушылар арасында «Өткен жыл қорытындылары. Қазақстан. Келешекке көз тігу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты – өткен жылға қарытынды жасау, ҚР экономикалық, әлеуметтік және саяси бағыттардағы маңызды оқиғаларын айқындау болды. 9-ақпанда ЖСД «ВИКТОРИЯ» Әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек орталығымен біріккен «Діни экстремизм: таралу факторлары, алдын-алу әдістері» тақырыбына семинар өткізілді. 29-ақпанда «Жастар әлемі» Студенттер сарайында ҚарМТУ студенттері мен қала мектептерінің оқушылары арасында «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты студенттік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – жастар саясаты төңірегіндегі өзекті сұрақтар мен мәселелерді талқылау, пікірталастар ұйымдастыру. Шараға Қарағанды облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің маманы Н.И.Королева, №101 мектеп-лицейі (А.А.Кусаинова және әлеуметтік жобаға қатысушылар), №5 КОРО (Л.В.Кочалова және 10-11 сынып оқушылары), «Қазақстан студенттерінің альянсының» вице-лидері С.Балмақаев және ҚарМТУ студенттері қатысты. Конференцияда жұмыспен қамтамасыз ету, балалар мен жастар құқықтары, СӨС, Қазақстандағы волонтерлік, жастардың субмәдениеттері т.б. мәселелер талқыланды. №101 мектеп-лицейінің оқушылары «Улыбнись, в мире много ярких красок» атты әлеуметтік жоба презентациясын өткізді, КОРО СӨС волонтерлік қозғалысы жобасының презентациясын жасады. 7-наурызда Бас ғимараттың Мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА акадимигі А.М.Ғазалиев сөз сөйлеп, әйелдер ұжымын құттықтады. ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлеріне және университет қонақтары Т.Ф.Сомойлюк, С.Г.Понамареваға сыйақылар тапсырылды. Салтанатты жиналыс соңы мерекелік концертке ұласты. 22-наурызда Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған облыстық кигіз үйлер байқауы өтті. Университет тіккен кигіз үйде құрметті қонақтарды қарсы алып, қонақтар мен қала жұртшылығы мерекелік дастарханнан дәм татты. Олардың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. В.Ф.Сиратский жетекшілігімен ҚарМТУ үрмелі аспаптар оркестрі, әншілер, домбырашылар концертті ұйымдастыруда белсенділік танытты. 11-сәуірде ҚарМТУ мәжіліс залында облыстық ақпараттық-насихаттау тобының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіруге арналған кездесуі өтті. Кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері сөз сөйледі: Б.Т. Абдишев – Қарағанды қаласының әкімі, Б.К. Егишев – Қарағанды облысының білім басқармасы бастығының орынбасары, А.К. Санаубаров – жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Е.Ж. Есенғараев – «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары, В.Э. Кист – Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Видергебург» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы. Шараға университеттің 550-тарта студенттері мен оқытушылары қатысты. 20-сәуірде «Жастар әлемі» Студенттер сарайында Мадияр Қойшығаринның жетекшілігімен «Шабыт» студенттік театр студиясының «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклінің премьерасы өтті. Спектакль қойылымына Технологиялық колледж және Университет студенттерімен қатар «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысыда тартылып, Н.М. Аубакиров негізгі рөлдердің бірінде ойнады.

Без рубрики