19.11.16 ж. күні өткен «Серпіндестер Ордасы» жатақханасындағы мереке


«Серпіндестер ордасында» бүгін үлкен тамаша!
Жолды тауып жүректерге, күлкі жүзге жараса!
Студенттер қауымының мерекесін тойладық,
Марқайтып бір көңілдерді, ойнап-күліп балаша!

     19.11.16 ж. күні «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының Студенттер кеңесі мен «Серпін-2050» бағадарламасындағы 1-ші курс студенттерінің Көшбасшы-Сардарының ұйымдастыруы арқасында жатақханамызда тамаша бір мерекелік кеш өтті! Қаншама қиындықтар мен кедергілерден сүрінбей, алға қарай ұмтылып келе жатқан Серпіндіктердің жандарына қажымас қайрат, таусылмас жігер сыйладық!!! Қаншама өнерпаздар мен тамаша қойылымдар көрсеткен өнерлі жастарымыз арқасында, келген қонақтардың да көңіл-күйін бір көтеріп тастадық!!! Серпіндіктер өздерінің ұйымшылдығын тағы бір дәлелдеді!!! Серпін жастары тек қана АЛҒА!!!

Манап Ерғали

СТ-16-1 тобының студенті

Без рубрики