18 наурыз «Политехник» кафесінде «Nauryz Time» ұлттық салт-дәстүрлердің факультетаралық жарысы өтті.

Әділ-қазылар қатысушылардың ұлттық киімдерін, алдын-ала дайындалған дастархан ұсынуын, ауылды таныстырулары мен салт-дәстүрлерді көрсетіулерін бағалады. Сондай-ақ, қыздар бойынша «Наурыз көже» дайындау, ал жігіттер ұлттық спорт түрлері бойынша жарысты.

Барлық сайыстардың нәтижелері бойынша І-ші орынды көлік-жол факультеті, жүлделі ІІ орынды сәулет-құрылыс факультеті, ІІІ орынды тау-кен факультеті алды.

Жеңімпаз командаларға сыйлықтар мен ұлттық сувенирлер табысталды. Бірінші орынға «Papa Sergio»-ден тегін «Батыр» сетіне сертификат табыс етілді,. Сондай-ақ, барлық командаларға «Tooman» тайм-кафесі 25% жеңілдік ұсынды.