16 мамыр ҚарМТУ және Бейжің мұнай жоғарғы оқу орынының магистранты Арслан Жумабеков онлайн кешендік емтиханын өте эақсы тапсырды


16 мамыр ҚарМТУ және Бейжің мұнай жоғарғы оқу орынының магистранты Арслан Жумабеков онлайн кешендік емтиханын өте жақсы тапсырды. Емтихан комиссиясының құрамына ҚарМТУ оқытушылары және Аспан асты елі университетінің сарапшысы Ли Ши Юань кірді.

Арслан Жумабековтың айтуы бойынша екі университет арасындакелісім жасалған, соған сәйкес ол қос дипломдық  білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Ол ҚарМТУ-да 2014 жылдан, ал Бейжіңде 2015 жылдан оқып жатыр. Тәжірибелі студент «Қазақмыс» компаниясында геолог болып, сонымен қатар аз уақыт Америкада қызмет етіп үлгерген, міне Қытайға да жетті.

«Оқу және жұмыс істеу барасында ағылшын тілін үйрену қажет екенін түсіндім. Себебі бүгінгі күні ол  өте қажет. Мен өз мақсатыма жеттім және халықаралық IELTS сертификатын алдым,- деп Арслан Жумабеков журналистермен бөлісті. – Кейін мен өзімнің білім деңгейімді көтеру мақсатында ҚарМТУ және Бейжің мұнай университетінің магистратурасына түстім. Бейжіңде мен ағылшын тілінде білім ала бастадым. Ал қазір менде қытай тілін үйрену мүмкіндігі бар,және де қазіргі уақытта мен сонымен айналысып жатырмын.

Алдыңғы қатарлыекі ЖОО-ны бітірген соң қандай жоспарыңыз бар деген сұаққа, атақты мұнай компанияларында біраз қызмет істеп, кейін елге оралып, алған білімдерін мұнай инженеиясы мен геоақпараттық технологиялар жүйесіне енгізуді қалайтынын айтты.

Без рубрики