Колледж директоры


директор К ИТ

Смағұлова  Нүрбибі Абсадыққызы

ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжінің директоры.

Педагогикалық ғылымдарының магистірі.

 

Байланыс мәліметтері:

Мекен-жай: Қарағанды қаласы, қ. Нұрсұлтан Назарбаев, 56·

Төртінші корпус, кабинет 202, 303·

Жұмыс телефоны: 8(7212)56-46-48 (ішкі 1133, 1053)·

E-mail: nurbibikz@mail.ru

Білімі: жоғары  1995-1990 ж.ж;  Жезқазған  қаласының педагогикалық институты, мамандығы «Орыс тілі және әдебиеті қазақ мектебінде», екінші жоғарғысы 2002.ж.  А.О Байқоңыр атындағы ЖезУ, мамандығы «Қазақ тілі және әдебиеті орыс тілі мектебінде» үздік дипломымен, үшінші жоғарғысы ҚарМТУ-де мамандығы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» 2016 ж.

Жоғары біліктілік деңгейі жоғары сатылы оқытушы. 27 жыл педагогикалық өтілі бар.

Туылған күні, жылы: 18.02.1966 ж.

Білім беру ұйымдарындағы алдыңғы жұмыс орны:

1990 жылдан 2007 жылға дейін Жезқазған қаласының №24 орыс орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді, 2007 жылдан 2010 жылға дейін Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде жұмыс істеді, 2010 жылдан 2013 жылдары ҚарМТУ-нің Технологиялық колледжінде, 2013 жылдан ҚарТУ-нің  ҚТ және М кафедрасында  жұмыс істейді. 2015 жылдан жастар саясаты Департаментінде директордың орынбасары болып жұмыс істеді, ҚарМТУ-нің кураторлар кеңесінің төрайымы, университеттің академиялық топтарын кураторлық жұмыстарын қадағалап жүргізеді. 2015 жылдың сәуірінен бастап Инновациялық технологиялық колледж директорының міндетін  атқарды.

Пәндер: «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», Қазақ әдебиеті», «Кәсіби орыс тілі»

Марапаттары:

2009 жылы Республика ауқымында өтілген «Үздік оқытушы» Құрмет грамотасымен марапатталды.  2010 жылы ҚарМТУ технология колледжінің  ҚарМТУ-нің  ректоры «Үздік кураторы» құрмет грамотасымен марапатталды. 2014 жылы «Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі өзекті мәселелер» тақырыбында болған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ҚарМТУ ректорының Алғыс хатымен марапатталған, бірнеше рет ҚарМТУ ректорынан және басқа да ұйымдардан атқарған қызметі үшін Алғыс хаттармен Құрмет грамоталармен марапатталған.

Н.А. Смағұлованың 20 ғылыми мақалалары, 3 оқу құралы жарық көрді. Қосымша ақпараттар: Шет елдерден және Жоғарғы білім орындарынан біліктілігін жоғарылату сертификаттарымен, яғни текстік және графикалық программаларды меңгерген тәжірибелі маман.

Смағұлова Н.А. университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады,  студенттер арасында тәрбие жұмысымен айналысады, ТжКБ беру саласы бойынша жұмыс атқарады.

 

 

Без рубрики