Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі пәні бойынша XI Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі 1 орынды иеленді


2019 жылдың 15-16 сәуір айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» және «Өрт қауіпсіздігі» пәндерінен XI Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға 12 жоғары оқу орындарынан 26 студент қатысты. Қатысушылар арасында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және т.б. оқу орындарының студенттері болды.

Бұл олимпиадаға біздің университет атынан БЖД-16-1 тобының студенттері Тленшеева Акерке Зибадиновна мен Сапарғали Әлия Сапарғалиқызы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша ҚарМТУ-нің БЖД-16-1 тобының студенті Тленшеева Акерке Зибадиновна жүлделі 1 орынды иеленді. Жеңімпазды  I дәрежелі дипломмен  және кубокпен марапаттады.

Жүлделі 1 орынды ҚарМТУ студенті жеңіп алғандықтан келесі

XII Республикалық пәндік олимпиада 

біздің университет қабырғасында

«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасында өткізіледі.

 

Без рубрики