Ғылыми жұмыстар конкурсы жас ғалымдар арасында

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Республика Президенті  Мемлекеттік басқару Академиясы  мен Қазақстан Ассамблеясы ғылыми –сараптау ұйымы жас ғалымдар арасында халықтар достығы мен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстарға сайыс жариялайды.

Сайыстың мақсаты отандық жас ғалымдардың ғылыми-сараптамалық этносаяси және этноәлеуметтік жұмыстарын жетілдіру.

Сайыстың міндеті: жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру. Талантты жас ғалымдарды анықтап, оларға қолдау көрсету; жас ғалымдардың патриоттық сезімін, қоғамдық әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; жас ғалымдарды еліміздегі ұлттар арасындағы қарым -қатынастарды зерттеуге жұмылдыру.

Сайыс төрт бағыт бойынша өткізілді:

  • Қазақстан халықтары Ассамблеясы — дүниежүзілік қоғамдық келісім институты.
  • «Мәңгілік ел»идеясы- жаңа Қазақстан негізі.
  • Қазақ хандығы: мемлекеттік және саяси- экономикалық тарих негізі.
  • Қазақстан әлемдік кеңістікте бейбітшілік пен келісім жолында.

Сайыс қорытындысында Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан қаласынан) төрт жұмыс; Батыс Қазақстан облысы (Орал қаласы); Қызылорда облысы (Қызылорда қаласы); Қарағанды облысы (Қарағанды қаласынан) сәйыскерлінің жұмыстары финалға шықты.

Қарағанды қаласынан сайысқа Қарағанды Мемлекеттік техникалық  университетінен патриоттық тәрбие беру ғылыми зерттеу институтының директоры экономика магистрі Джакупова Динара Ермековна Техникалық білім беру жоғары оқу орындары студенттеріне жаңа Қазаұстандық патриоттық тәрбие беру тақырыбындағы жобасы мен сайыстың үшінші бағыты бойынша қатысты.

Джакупова Д.Е. өз жобасында 2009 жылы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде қорғалған патриоттық тәрбие үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –ұлттар лидері мысалын негізге алды.Үлгіні әрі қарай жетілдіру мақсатында бұл жоба 2014 жылы мамыр айында «Жаңа Қазақстандық патриотизм» үлгісі ретінде жалғастырылды.

2016 жылы 26 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы  Президенті Мемлекеттік басқару Академиясында сайыстың қорытындылау этапы өтті.Сайыстың жюри алқасы ең жоғары марапат- Гран- при жүлдесін бірауыздан Джакупова Динара Ермековнаға ұсынды.