Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жас ғалымдар делегациясының Кузбасста кездесуі

ЖШС «Газпром добыча Кузнецк»-те  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының докторанттарымен кездесу өтті.

1

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторанттары ЖШС «Газпром добыча Кузнецк» кеңсесі жанында. Кемерово, мамыр 2016 жыл.

ЖШС «Газпром добыча Кузнецк»-ке қазақстандық көшілер тарапынан назар аударылуы тегін емес. Біраз уақыттан бері Қазақстанда көмі қытысынан метан алуғақызығушылық туып, алғашқы қадамдар жасалып жатыр.

2

Ресейдің алғашқы метан көмірлі құбырларының алаңында. Талдинский метан көмірлі кен орыны, мамыр 2016 жыл.

 ЖШС «Газпром добыча Кузнецк» — көмір қытысының метанын игеретін Ресейдегі алғашқы әрі жалғыз компания. Өндірістің бұл саласы Ресей үшін де, Қазақстан үшін де жаңа болып табылады, және де ЖШС «Газпром добыча Кузнецк» көмір қыртыстарынан метан барлау және игеру саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша жинақталған тәжірибеге ие,- дейді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арстан Мәуленұлы Ғазалиев.

 3

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторанттары Нарыкско-Осташкинский метан көмірлі кәсіпшілігінде. Мамыр 2016 ж.

Делегация құрамында үш адам келді. Оладың барлығы,— Наиль Замалиев, Денис Ахматнуров и Ирина Шмидт-Федотова — жаңа сала- көмірлі метанды өндірумен айналысудан қорықпаған, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жас қызметкерлері. Кездесу барысында бұл жас, өр жастар көп ақпарат алып, сұрақтар қойып, істің егжей-тегжейін анықтауға тырысты.

4

Талдинский метан көмірлі кен орынының ГКДҚ, мамыр 2016 жыл.

5

Денис Ахматнуров Кузбасстағы метан көмірлі кен орынында, мамыр 2016 жыл.

Серіктестік мамандары терең, кең ауқымды және қызық бағдалама ұйымдастырған: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің делегация мүшелері газ өнірісінде болып, көмір метанын алу үдерісін және құрылғыжұмысын көрді, «Газпром добыча Кузнецк» мамандарымен дөңгелек үстелдерге қатысты, көптеген сұрақтар қойып, ТМД үшін жаңа саладағы жинақталған тәжірибемен танысты.

6

Газды дайындау және сығу бөлігінің бастығы Сергей Сальников Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторанты Наиль Замалиевке «Би-метан» көліктік газ толтыру компрессорлық станциясының жұмысын көрсетеді. Талдинский метан көмірлі кен орыны, мамыр 2016 ж.

Аз уақыт ішінде Кузбасс геологиясының ерекшеліктері, құрылысы, зерттеулері және құбырларды қолдану, метан газының келуін  қарқындылығын арттыру және қолдану ерекшеліктерімен танысып үлгердік. Метан алу тәжірибесін игеруде бізге жоғары деңгейдегі мамандар ұжымы көмектесті,- деп Наиль Замалиев өз ойымен бөлісті.- Бұл тәжірибе бізге докторлық диссертацияларымызды жазуға септігін тигізіп, Қарағанды көмір бассейнінің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

7

 

Қазақстаннан келген қонақтар «Газпром добыча Кузнецк» ЖШС жетекшілігімен. Солдан оңға қарай: Артем Коpoвицын, Ирина Шмидт-Федотова, Игорь Ковалев, Артур Альмухаметов, Наиль Замалиев, Денис Ахматнуров. Мамыр 2016 жыл.

Источник: http://kuznetsk-dobycha.gazprom.ru