Сәкен Сейфуллинге 125 жыл


Жастар жылы аясында 2019 жылы 19 наурызда Жоғары математика кафедрасының кураторлық сағатында ОП-18с және ТТ-18с топтарының студенттері арасында «Сәкен Сейфуллинге 125 жыл» атты векторина өткізілді.

Топ кураторлары Шегебаева Г. Е. және Мергембаева А. Ж. студенттермен бірге осы тақырыпқа, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллинге 125 жыл толуына орай  презентация дайындады.

Викторина сұрақ – жауап, сәйкестендіру тесті, дұрыс жауапты таңдау, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына тоқталып кетуден тұрды.

Бұл кураторлық сағатқа ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Жоғары математика кафедрасының профессоры Адилбек Н.А. және аға куратор, аға оқытушы Алимова Б. Ш. қатысты.

 

Без рубрики