Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі

2015 жылы 2-3 наурызда ҚарМТУ-да Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған ауқымды іс-шаралар өтеді. 2 наурызда сағат 15.00-де ҚарМТУ Бас копусының Акт залында жұмыс берушілердің МИИДБ-2 аясында жұмысқа орналастыру бойынша 2015 жылғы ЖОО түлектерімен кездесуі болады.  Университет бір қатар ұйымдардың тұсаукесерлерін өткізді, кәсіпорын базасын жаңартты, 400 астам шақыру хаттарын жіберді. Жәрмеңкеге 100 жуық жұмыс беруші кәсіпорындар, оның ішінде «Қазақмыс» ЖШС, УД АО «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД, «Майкубен-Вест» ЖАҚ, «Бейкер Хьюз», «Шлюмберже»,  «Казпромгеофизика» АҚ,  «Қазақалтын» КМК және т.б. сияқты ірі корпорациялар қатысады деп күтілуде. 

Іс-шара басталар алдында ҚарМТУ студенттерімен қазақстандық атақты жүргізушісі, театр және кино актері Нұрлан Әлімжанов кездеседі.  Оның табысының зор жемісі «Путь Лидера» циклінен «Огненная река» және «Железная гора» фильмдеріндегі басты рольдері болды. Ол онда жас

Н. Назарбаевтың ролін сомдады, осыдан кейін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына лайықталды.

Нұрлан Әлімжанов Ұлт көшбасшысы жоғары білім негізін алған ЖОО -ҚарМТУ-да болуды және студент жастармен кездесуді армандайды.  Студенттермен кездесу Акт залында сағат 14.00 болады. Іс-шара барысында олар актермен әңгімелесіп, оған кез келген сұрақтар қоя алады.

Нұрлан өзінің шынайы ойынымен, сөз жетпес ерекше дарындылығымен және тамаша дауысымен қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленді.

3 наурызда сағат 10.00 ҚарМТУ Бас копусының Акт залында «Қарағанды облысына арналған МИИДБ-2 жобаларын жүзеге асыру үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» аймақтық мәжіліс өткізіледі.  Қарағанды облысының әкімі Н.К. Әбдібеков — «Біліктілігі жоғары кадрлар даярлау – ҚР Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын табыспен жүзеге асырудың түйінді факторы»; ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.М. Ғазалиев – «Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 2-бесжылдығына арналған халықаралық стандарттар бойынша инновациялық кадрлар даярлау»; «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры  В. Махадеван — «ЖОО мен колледж түлектерінің алған білімдерін жұмыс ортасына бейімдеу арқылы өндіріс жүйесін жақсарту»; «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы  Э.В. Огай — «Қазақстанның кен-руда саласының мамандарын даярлауды жетілдіру» және т.б. баяндамалармен сөз сөйледі.

Аймақтық мәжіліс барысында 4 дөңгелек үстел өткізу жоспарланады:

  1. Кен-металлургиялық кешені үшін кадрлар даярлау мәселелері.  Модератор – А.И. Дедуренко, «Караганданеруд» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  2. Машина жасауға арналған кадрлар даярлау мәселелері. Модератор – Б.М. Кенжин, «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директоры, т.ғ.д., профессор;
  3. Энергетикаға арналған кадрлар даярлау мәселелері. Модератор – С.В. Полещук, «Эргономика» ҒӨФ ЖШС бас директоры;
  4. Құрылыс индустриясы және көлікке арналған кадрлар даярлау мәселелері. Модератор – Ж.С. Нұғожинов, «Қ және ТКШТ» ОҒӨБ бас директоры, т.ғ.д., профессор.

Мәжіліс қорытындыларын жасау және резолюция қабылдау ҚарМТУ-дың Бас копусының Акт залында сағат 16.00 өтеді.

Мәжіліс жұмысы аяқталған соң сағат 18.00 С.Сейфуллин атындағы театрда барлық іс-шараға қатысушылар үшін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Жас Тұлпар» сыйлығының лауреаты Нұрлан Әлімжановтың концерті болады.