ҚарМТУ-да 1 –ші қыркүйек

2015 ж. 1 қыркүйек күні Университеттің бас ғимаратының алдында Білім күніне арналған іс-шара өтті.

Мерекеге қатысқандар: ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиев, бірінші проректор А.З.Исағұлов, ОӘЖ бойынша проректор В.В Егоров, шақырылған қонақтар: «Нұр Отан» партиясының ҚБ төрағасының орынбасары К.Б Оспанова., Қарағанды облысы білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіподағы жетекшісі Т.Ф. Самойлюк, ҚР Президентінің курстастары К.З. Сарекенов, К.О.Омашев, Е.И.Толеубаев; Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері, ҚарМТУ тәртіптік кеңесінің төрағасы, профессор Н.А.Дрижд; «КарагандаНеруд» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы А.И.Дедуренко; ҚарМТУ бақылау кеңесінің мүшесі, «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті  Т.А.Акбаев; ҚарМТУ ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Б.Тогайбаев; корпоративті университет, түлектер клубы және ақсақалдар кеңесінің өкілдері.

Іс-шара басында Университет ректоры және шақырылған қонақтар университетіміздің негізін қалаушы Сағынов Әбілқас Сағынұлының ескерткішіне гүл қойды.

Құттықтау сөзінен кейін Университет ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері А.М.Ғазалиев  Ленин және Еңбек қызыл туы  ордендерінің кавалері, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері, «Шахтерская слава» белгісінің толық кавалері, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларының құрметті азаматы, ҚарМТУ тәртіп кеңесінің төрағасы- Дрижд Николай Александровичке «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалін табыстады.

Медаль табысталғаннан кейін Дрижд Николай Александрович, Оспанова Кадиша Базарбаевна, Самойлюк Татьяна Филипповна, Саркенов Кабидолла Зулкашевич, Омашев Куаныш Омашевич, Толеубаев Ермек Ибраилович, Акбаев Толеген Ашикбаевич, Дедуренко Алексей Иванович құттықтау сөз сөйледі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша (25.06.20105 ж. №8 хаттама) университет ректоры А.М.Ғазалиев ҚарМТУ-дың құрметті студенті атағын берді: «ҚұрылысМет» ЖШС Кіші механикаландырудың стандарттық емес құрылғылары өндірісінің бастығы – Мұратбеков Мақсат Сакеновичке және Пархоменко атындағы Қарағанды машинажасау заводының бас инженері — Твердохлебов Николай Ивановичке; сонымен қатар, І дәрежелі  «Шахтерская слава» төс белгісімен: «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор –Ахметжанов Бура ахметжановичті; э.ғ.к., «Өндірістік экология және химия» кафедрасының профессоры — Обухоа Юрий Дмитриевичті; т.ғ.к., «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» -кафедрасының профессоры Камаров Рымгали Кумашевичті марапаттады және ІІ дәрежелі  «Шахтерская слава» төс белгісімен:  Исабек Тұяқ Көпейұлы – «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор; Кызыров Кайрулла Бейсенбаевич –т.ғ.к., «Энергетика» кафедрасының профессоры марапатталды.

Құттықтау сөздер және марапаттаулар аяқталғаннан кейін бірінші курс студенттерінің пакеттерін ұсыну үшін «Алтын белгі» иегерлері сахнаға шақырылды: «Әлеуметтік- мәдени қызмет» мамандығы бойынша Сиразева Динара Руслановна; «Биотехнология» мамандығы бойынша Жандильдина Маржан Дархановна; «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Кали Меирлан және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша Ахмет Ализ және Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары: «Бағалау» мамандығы бойынша Масобаева Акбота Хайроллаевна; «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша  Бексултанов Алішер Мадиұлы; «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»  мамандығы бойынша  Кувардин Максим Вячеславович және «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша  Нуржанов Нурбек Айтпаевич.

Салтанатты бөлімнен кейін, ҚарМТУ студенттерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.

         Мерекелік концерт аяқталғаннан кейін барлық бірінші курс студенттері Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері А.М.Ғазалиевтің «Білікті мамандар дайындау мемлекеттің индустриалды дамуын қамтудың факторы ретінде» атты актілік дәрісіне шақырылды.

11:00-де «Ұлт жоспары- Нұрсұлтан Назарбаевтың бес индустриалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 қадам» атты флешмоб өтті. Қатысушылар саны, негізгі бөлігін «Жас орда» белсенділері құраған,  210 студент болды.

Содан кейін ҚарМТУ-дың жиын залында «Металлургия» мамандығының 130-дан астам бірінші курс студенттері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың курстасы, қазақ ғалымы, металлург, профессор, техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сарекенов Қабидолла Зулкашевичтың «Домналық балқыту үденрісін компьютерлік үлгілеу» тақырыбындағы актілік дәрісін тыңдады.
Лекция шеңберінде «Домналық балқыту үдерісін компьютерлік үлгілеу» жаңа кітабының презентациясы өтті. Кітапта профессор А.Н.Рамманың әдісі бойынша «Visual Basic 6.0» тілінде дербес компьютерлерге арналған домналық балқытудың техникалық көрсеткіштерін кешенді есептеу бағдарламаларының алгоритмі баяндалған, бастапқы және аралық мәліметтердің, қорытынды нәтижелердің бланктары, сонымен қатар қорытынды мысал берілген. Өзіндік теориялық және экспериментальді зерттеулердің негізінде қалдықтардың физикалық қасиеттерінжәне домна пешінің өндірушілік қасиеттерін есептеу тәсілдері келтірілген. Есептеу барысында қажетті кейбір анықтамалақ материалдар берілген.
Басылым қара металлургия технологтарына және ғылыми қызметкерлеріне, сонымен қатар сәйкес жоғарғы оқу орын студенттеріне арналған.
Кітап авторлары: ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың курстасы, қазақ ғалымы, металлург, профессор, техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ.З.Сарекенов, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясының мүшесі А.А. Акбердин, техника ғылымдарының кандидаты У.К.Конуров.