1 қыркүйек


ҚарМТУ Білім күнін С.Сапиевпен қарсы алды… 2012 жылдың 1 қыркүйек күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Бас ғимаратының алдыңғы алаңында Қазақстан Республикасының Ата заңына және Білім Күніне арналған салтанатты жиылыс өтті. Өзінің алғы сөзімен ҚарМТУ ректоры, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А.М.Ғазалиев сөйледі, ал құттықтау сөзімен «Нұр Отан» ХДП ҚОФ бірінші орынбасары Қ.Б.Оспанова, Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы Г.Х.Қаңтарбекова сондай-ақ, Коорпоративтік Университеттің өкілдері оқу орнына түскен бірінші курс студенттерін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Іс шараға шақырылған құрметті қонақтардың қатарында ҚарМТУ-нің студенті, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы, 2012 жылы Лондон қаласында өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серик Сапиев қатысты. Жылдағы дәстүр бойынша бірінші курсқа түскен студенттерге сыйлықтар табысталды. Салтанатты жиынның соңында жастарға арналған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Без рубрики